Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:45, 10 Қараша 2023

Қарағандыда теміржол бойынан ер адамның денесі табылды

пойыз
Фото: из открытых источников

Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады

 

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, марқұм 53 жастағы қала тұрғыны болып шықты.

Аталған іске «Өзін-өзі өлтіруге итермелеу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Қарағандыда 5 қарашада түнгі сағат 02.00 шамасында теміржол үстінде тепловоз астынан 53 жастағы ер адамның денесі табылды. Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы «Өзін-өзі өлтіруге итермелеу» бойынша полицияға тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу жүргізілуде», - деп хабарлады ПД өкілдері.