Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 13:03

Қарағандыда жаңа туған балаларға домбыра сыйға тартылды

1

Қарағандыда Домбыра күні туған балаларға қазақ мәдениетінің маңызды символдарының бірі – музыкалық аспап тарту ету дәстүрге айналды. Биыл ұлттық мереке Астана күнімен тұспа-тұс келді.

Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері перзентханаларда болып, аналар мен сәбилерді құттықтап, еліміздің жаңа азаматтарына бақыт тіледі.

1

– Домбыра – бұл жай ғана музыкалық аспап емес, ол қазақ мәдениетінің бір бөлігі, дәстүрлер мен ұлттық мақтаныштың символы. Ол ұрпақтардың байланысын, халықтың бай тарихи мұрасы мен рухани сабақтастығын білдіреді. Сондықтан да біз осындай сыйлық табыстадық, – деді Қарағанды облысы ҚХА аналар кеңесінің төрайымы Айжан Қиясова.

Акция ұлтаралық келісімді нығайтуға және ұлттық құндылықтарды ілгерілетуге қызмет етеді, деп сенеді бастамашылар.

1

Облыс бойынша екі маңызды мереке атап өтілуде. Көрмелер, концерттер, флешмобтар, конкурстар, танымдық дәрістер өтеді.

Ұлттық домбыра күні Қазақстанда 2018 жылдан бастап шілденің бірінші жексенбісінде атап өтіледі. ЮНЕСКО шешімі бойынша домбыра мен күй адамзаттың материалдық емес мұрасы тізіміне енгізілген.