Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 16:52

Қарағандыда жастарды қылмысқа тартқан топ ұсталды

қылмыс
Фото: из открытых источников

Қарағанды облысында құқық қорғау органдары жастарды заңсыз әрекеттерге итермелеген қылмыстық топтың жолын кесті.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, топ мүшелерінің бірі спорт саласындағы беделін пайдаланып, «спортты дамыту» деген сылтаумен жастарды өз қатарына тартып, оларды ауыр және аса ауыр қылмыстарға жұмылдырған.

Аталған фактілер бойынша ұрлық, бопсалау, алаяқтық және тонау баптарымен 6 қылмыстық іс тіркелді. Жедел-іздестіру шаралары барысында 20 адам қолға түсті.

Сонымен қатар 47 тінту жүргізіліп, нәтижесінде атыс және суық қарулар, оқ-дәрілер, автокөліктер, ірі көлемдегі ақша қаражаты мен өзге де заттай айғақтар тәркіленді.

Қазіргі уақытта іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.

Тегтер: