Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 14:55

Қарағандыда жол апатынан үш адам қаза тапты

1

Қарағанды – Балқаш тас жолында Chevrolet Cobalt көлігінің 30 жастағы жүргізушісі мен екі жолаушысы жол апатынан қаза тапты.

Жол апаты 18 наурыз күні республикалық маңызы бар Астана – Қарағанды – Алматы автожолының Балқаштан Қарағанды бағытына қарай, Ақшатау кентінен шамамен 40 шақырым жерде болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, көлік ұрылыста жолдан шығып кетіп, аударылған. Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарады. Видео авторы жүргізуші рөлде отырып ұйықтап кеткен болуы мүмкін деген болжам айтады.

Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, жол апаты салдарынан жүргізуші мен екі жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Еске салайық, 17 наурызда  Ақтөбе-Атырау тас жолындаға жол апатынан 5 адам қаза тапты. Жолда ВАЗ жеңіл көлігі мен DAF жүк көлігі соғысқан. Соққының қатты болғаны сонша, жеңіл көліктің жүргізушісі мен оның төрт жолаушысы оқиға орнында, медицина қызметкерлері келгенге дейін көз жұмған.

Жергілікті әкімдік мәліметінше, жол апатынан қаза тапқандардың барлығы Темір ауданына қарасты Тасқоспа ауылының тұрғындары. Олардың ішінде қарт ерлі-зайыпты мен үйіне төрт жастағы немересін алып келе жатқан отбасы бар.