Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:30, 29 Қазан 2023

Қарағандыдағы шахтада болған жарылыс: қаза тапқандар саны 42-ге жетті

взрыв
Фото: astanatv.kz

Қарағандыдағы Костенко атындағы шахтада болған жарылыс салдарынан қаза тапқандар саны артты, - деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

«Сағат 15:00-дегі жағдай бойынша 42 адамның мәйіті табылды, 4 кеншіні іздеу жалғасуда», - делінген хабарламада.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, шахтаға апатты жою жөніндегі республикалық жедел штабтың басшысы, Төтенше жағдайлар министрі, генерал-майор Сырым Шәріпханов барды. Өрт және шахтерлердің қаза болған жерлері тексерілді.

"Апаттың зардаптарын жою жөніндегі жедел штаб тәулік бойы іздестіру-құтқару жұмыстарын жасап жатыр. Тау-кеншілер орналасқан ең қауіпсіз және ықтимал учаскелер арқылы тау-кен құтқарушыларының өту жолдары пысықталуда. Іздестіру шаралары бір-бірінен шамамен төрт шақырым қашықтықта орналасқан екі тау-кен алаңының ауданы жүргізіліп жатыр.

Тау-кен құтқарушылары қажетті құрал-жабдықтармен және байланыс құралдарымен қамтамасыз етілген. Мониторинг жалғасуда», - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» республикалық орталық штабы» ЖШС Қарағанды ​​филиалынан барлығы 55 тау-кен құтқарушысы мен 15 техника жұмылдырылған.

Жедел медициналық көмек көрсету үшін 21 адам мен 7 жедел медициналық техника жұмылдырылған.

Сонымен қатар, Төтенше жағдайлар министрлігі мен Қарағанды ​​облысының Төтенше жағдайлар департаментінде Республикалық және облыстық жедел штабтар жұмыс істейді.