Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 14:45

Қарағандылық кәсіподақтар «Таза Қазақстан – болашақ үшін» республикалық акциясын қолдады

Р

Қарағанды облысы «Таза Қазақстан – болашақ үшін» республикалық экологиялық акциясына қосылды.

 Ауқымды іс-шара Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының бастамасымен ел көлемінде өткізілді. Ол кәсіподақ қозғалысының 120 жылдығы мен Федерацияның құрылғанына 35 жыл толуына орай ұйымдастырылды.

Қарағанды облысының қалалары мен аудандарында федерация құрамындағы 15 салалық және жергілікті кәсіподақ ұйымдарының еңбек ұжымдары аулаларды, саябақтарды, қоғамдық орындарды тазалап, көгалдандыру жұмыстарымен айналысты.

Н

– Негізгі мақсат – экологиялық жағдайды жақсарту, аумақтарды абаттандыру және табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру, – деді ҚР Кәсіподақтар федерациясының «Қарағанды облысының кәсіподақ орталығы» аумақтық бірлестігінің төрағасы Болат Жұмабеков. – Бүгін біз кәсіподақтар тек қана жұмыскерлердің құқықтарын қорғауға емес, елдің әлеуметтік игілігіне де үлес қосатынын атап өткіміз келді.

П

Қарағандыдағы экоакцияның негізгі алаңы Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық орталығы болды. Мұнда 80-нен астам адам 1,7 гектар аумақта тазалық жұмыстарын жүргізді. Дәл осы орталыққа республикалық мәртебе Кәсіподақтар федерациясының бастамасымен қайтарылған болатын. Экоакцияға өңірдегі кәсіподақ белсенділері мен орталықтың еңбек ұжымы қатысты.