Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 15:10

Қарағандының Саяқ станциясында апат болып бірнееш қызметкер жарақат алды

1
Фото: скриншот

Қарағанды облысында Саяқ станциясында салынып жатқан жолөткізгіште ауыр темір мердігер ұйым – «ТЖЖ» ЖШС жұмысшыларының үстіне құлап кетті. Полиция оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғап, себептерін анықтауға кірісті.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, төтенше жағдай салдарынан төрт жұмысшы зардап шеккен.

— Бір науқас жансақтау бөлімінде жатыр. Ол барлық қажетті медициналық көмекті алуда, — делінген хабарламада.

Қалған үш жұмысшы Балқаш қалалық ауруханасында бастапқы көмек алғаннан кейін, әрі қарайғы госпитализациядан бас тартып, тұрғылықты жеріндегі амбулаторлық емдеуге жіберілді.

Полиция департаменті бұл оқиға бойынша еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу бабымен қылмыстық іс тіркелгенін хабарлады.

— Оқиға орнында тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, себептері мен мән-жайлары анықталуда. ҚР ҚІЖК 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды, — деп нақтылады ведомство.