Карантин кезінде кіріс азайған жоқ

Шымкентте карантин кезінде бюджетке түсетін кірістөмендеген жоқ.
Жуырда қалалық мәслихаттың сессиясында қала әкімі Мұрат Әйтеновосылай деп мәлімдеді.
Шымкент қаласының әкімдігі карантиндікшаралардың ұзартылуына байланысты жергілікті бюджетті оңтайландыру нәтижесінде11,2 миллиард теңге болатын қаржыны үнемдеп отыр. Сессияда депутаттар бюджеткеенгізілген өзгерістерді бірауыздан бекітті. Қала әкімі үнемделген қаражаттың басым бөлігі медициналықұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға және азаматтарға әлеуметтіккөмек көрсетуге жұмсалатынын мәлім етті.
– Қысқартылған қаржы, негізінен,мәдени іс-шараларды өткізуден, қызметтік іссапар шығыстарынан, мекемелердіңматериалдық-техникалық базасын нығайтудан оңтайландырылды. Атап айту керек,карантиндік шектеулерге қарамастан, қалалық бюджеттің кірісі төмендеген жоқ.Мәселен, қалалық бюджеттің өзіндік кірістері 21,8 миллион теңгеге ұлғайып, 133миллиард теңгеге жетті. Ал қаладағы экономикалық өсімді қайта қалпына келтірубойынша кешенді жоспар жүзеге асырылуда, – деді қала басшысы.
Нақтырақ айтсақ, қысқартылғанқаржының 3 359,3 миллион теңгесі медициналық ұйымдардың материалдық-техникалықбазасын нығайтуға қарастырылса, 219,1миллион теңге азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетуге беріліп отыр. Соныменқатар 989,8 миллион теңге білім саласындағы мектептер мен мектеп-интернаттардыматериалдық-техникалық жаңғыртуға, 111,7 миллион теңге алты көпқабатты тұрғынүйдің 12 лифт қондырғысын ауыстыруға және қалған қаржы шағынаудандардағыинфрақұрылым мәселесі мен абаттандыруға жұмсалады.
Жалпы, келешекте донор өңір болуға ұмтылған Шымкентте өнеркәсіп пен кәсіпкерлікті дамыту бағытында тың жобаларбар. Жуырда мегаполисте тоғызинвестициялық өндіріс орны іске қосылды. Жобалардыңжалпы құны 2,5 миллиард теңгені құрайды. Олардың ішінде «QagazOrdasy» ЖШС-інің қағаз өндіруфабрикасы, «NURTAU distributioncompany» ЖШС-інің шоколадты кәмпит және сағызшығаратын кондитерлік фабрика құрылысы, «PROF AKS» ЖШС-інің шыны пакеттерге арналған алюминий дистанциялықжақтаулар өндірісі, «NEW TECHNOLOGY» ЖШС-ініңдизельдік генератор зауытының құрылысы бар.
Қазіргітаңда қала аумағында құрылыс индустриясы, жеңіл өнеркәсіп, машина жасау,металлургия, мұнай-химия өндірісі сияқты салаларда 600-ден аса өнеркәсіп кәсіпорны жұмыс істейді. 426 гектараумақта «Оңтүстік» және «Тассай» индустриалды аймақтары орналасқан. Аймақтарда6000-нан аса жұмыс орнын құрайтын 124жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде 69,1 миллиард теңгеге 81 жобаіске қосылып, бүгінде 4000-нан аса жұмыс орны ашылды. Сонымен қатар 200 гектараумақта «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында 3000-нан аса жұмыс орнынқұрайтын 42 жоба іске асырылуда. Бүгінгі таңда 30,8 миллиард теңгеге 17 жобаіске қосылып, 1,5 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Шымкентте соңғы жылдарықұрылыс материалдарын шығаратын кәсіпорындардың саны көбейіп келеді.Мегаполисте қазір осындай 215 ірі, ортажәне шағын өндіріс орны бар.
Қаланың жалпы өнеркәсібіндеөндірілген өнім көлеміндегі құрылыс материалдары өндірісінің үлесі 13,2 пайыздықұрайды. Құрылыс материалдарының отандық өндірісін дамыту мақсатында қалада2020-21 жылдар аралығында тоғыз инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Атапайтқанда, келер жылы үш темірбетон өндірісі мен шыны пластиктер, газоблок,асфальтбетон, жолаяқ тақталарының өндірісі және полипропилен, поливинилхлорид,термоэластопласт бұйымдарының өндірісі, әрлеу материалдары мен құрғақ құрылысқоспалары сынды жобалар іске қосылады.
Айта кетейік, бүгінгі таңда Шымкент қаласында жүргізіліпжатқан құрылыстағы отандық өнім үлесі 98 пайызды құрайды.
Сонымен қатар үшіншімегаполисте агроөнеркәсіп, азық-түлікжәне жеңіл өнеркәсіп, жиһаз және үй тауарлары өндірістері құрылады. Бұл жобалар«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында қаржыландырылып отыр.Аталған бағдарлама шеңберінде кәсіпкерлерден 92 жоба бойынша ұсыныс түскен. Оның ішінде60-қа жуық жоба мақұлданып, бүгінгікүнге дейін 7,6 миллиард теңгеге 37 жоба қаржыландырылды.
Қалалық кәсіпкерлік жәнеиндустриалды-инновациялық даму басқармасы мамандарының айтуынша, жыл соңынадейін Шымкентте қосымша 23,3 миллиард теңгеге 22 жобаны екінші деңгейлі банктер арқылы қаржыландыру жоспарланып отыр.
Б.ЕРНАЗАР
Шымкент қаласы