Карантин кезіндегі ойлар

Бүгінгі күннің бастытақырыптары
Құдайға шүкір, әлеуметтік желідежоқпын. Қарамаймын да.
Шындық пен өтірік араласқанда ыдыстың түбіне өтірік қанашөгіп қалатын сияқты. Алайда осы індет кезінде қоғамды қандай сұрақтар толғандырадыдеген сұраққа жауап іздегенде, амал жоқ, желіні шолып шығып, ой-пікірлердің бастыбағыттарын іздеймін.
Жыры бітпеген 42 500 теңге
Біріншіден, бұл жәрдемақығабөлінетін қаржы халықтың, сіздер мен біздің ақшамыз екенін жақсы түсінгенімізабзал. Бізде әлі күнге дейін «мемлекет көмектесіп жатыр» немесе «әкімпәленшелерге үй берді» (әкімдердің айлығы өздеріне үй салуға да жетпейді) дегенсияқты ақымақ сөз тіркестері жиі кездеседі. Ешкім ешкімге еш нәрсе беріп жатқанжоқ, сондықтан осы індет кезіндегі жәрдемақы – өз ақшамыз. Ал билік сол ақшаны тиімді пайдалануға ғанажауап береді.
Екіншіден, кешегі «шілде айынада 42 500 теңге беріледі» деген хабарды халық өзінше түсінген сияқты. Оныңастындағы кімдерге беріліп, кімдерге берілмейтіні далада қалды. Меніңше, шынындада, халық дұрыс түсінді. Бұл індеткезінде күнделікті ішіп-жемнен айырылып, жағдайлары шайқала бастағанотбасыларға сәл де болса медеу, көмек болатын. Енді осы көмекті алуғабайланысты нақтылықтан гөрі сұрақтар көбейген сияқты. Мұны қазақ «саптыаяққа асқұйып, сабына қарауыл қою» деп атайды. Президент «мұқтаж жандарға үкіметайына 42 500 теңге төлейді» деп анық айтты. Ал үкімет басшысы Маминмырза «шектеу шаралары кезінде табысынан айырылғандарға» деп қысқақайырды. Ал содан кейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі БіржанНұрымбетов «карантинге байланысты табысынан айырылғандарға беріледі» деп,олардың сөзін қостады. Алайда Құдай куә,қазір бәріміз де «карантинге байланысты» «шектеу шаралары кезінде» «мұқтажжандарға» айналып отырмыз. Жұмыстары тоқталмай (іштей де, сырттай да), бұрынғыжалақылары сақталып жүрген азаматтардан басқаларымызды бөліп-жаратын ештеңекөріп отырған жоқпын. 40-50 мың шағын кәсіпорын жұмыстарын тоқтатты, ендіолардың өтініш беретін «жұмыс берушілері» жоқ. Демек, сол жерде істеген адамдаркөмексіз қалуы керек пе? Карантинге байланысты жұмыстарынан айырылғандарға кімкөмек бермекші т.т.
Билік осы үшінші жәрдемақыныңберілетінін жариялағанда үлкен бір қателік жіберген сияқты. Бұл көмектіқарапайым халық наурыз бен сәуірдегі көмектің қайта жандануы деп түсінді.Президенттің сөзі де соған сайды, ақшаның көлемі де сол мөлшер. Билік бұлжәрдемақының барлық «мұқтаж адамдарға» емес, арнайы бір әлеуметтік категорияларғағана берілетінін кейін нақтылады. Меніңше, халықты шатастырмай, ақшаның көлемінде (50 мың немесе 35 мың теңге) толықтай өзгертуі керек еді. Осыншамадау мен сұрақтарды тудырмай, наурыз бен сәуірде 42 500 теңге алған бұрынғыадамдардың тізіміне соңғы уақытта жұмыстарынан айырылған жандарды қосып,«үшінші айдың ақшасын» беруге кірісу керек деп ойлаймын.
Қысқасы, президент айтқандай,осы індетке қатысты мұқтаждық жағдайға түскен барлық әлеуметтік топтыңөкілдеріне жәрдемақы берілуі керек. Көмекті біреулердің алып, енді біреулердің(мұқтаждық жағдайлары бірдей) алмауы әлеуметтік әділетсіздік тудырып, қоғамішіне сына қағуы да ғажап емес.
Парламент неістеуі керек еді?!
Елімізді індет жайлап, төтеншежағдай жарияланып, халық карантинге қамалғанда биліктің тағы бір тармағы – заңшығарушы орган абдырап қалған сияқты. Әрине, олар індет жағдайына тікелейқатысты заңдарды шығаруы керек болатын. Бірақ атқарушы билік тарапынанондай «тапсырыс» түспеген болу керек, сондықтан парламент «сасқан үйрек артыменсүңгидінің» кебін киіп, мамыражай заманда азаматтық топтар мен саяси-қоғамдықұйымдарды жинап, жан-жақты, терең талқылау өткізіп қана қабылдайтын, президент«терең саяси реформа» деп атаған «Бейбіт шерулер туралы», «Саяси партиялартуралы» және «Сайлау туралы» заңдардың бірін қайта жазып, енді біреулерінетолықтырулар мен өзгертулер енгізуге кірісті. Кірісті емес-ау, қабылдап тажіберді. Осы жартылай жасырын қабылданған заңдардың нәтижесінде басқасын былайқойғанда, «Сайлау туралы» заңға сан түрлі топтардың ұсынған толықтыруларының бірде-біреуіөтпек түгіл, қаралмады да.
Парламенттің екінші қателігі(мүмкін, бұл президенттің де қателігі болар) – алапат індет кезінде тәртіптіқатаңдату мақсатында заңдарға «соғыс жағдайындағыдай» өзгерістер енгізулерікерек еді. Бейбіт кездердегі жасалған қылмыс пен індет кезінде жасалғанқылмыстың арасы жер мен көктей. Ауруларды емдеуде, карантинді бақылауда т.т. өзқызметіне салғырт қарағандарға, аса қажетті дәрілерді жасырғандарға, үстемебаға қосып алыпсатарлық жасағандарға, гуманитарлық көмекті дер кезінде таратпағандарғат.т. қолданатын жаза қатаңдап, олардың істерін қарау мерзімі қысқаруы шарт емеспе? Бұл парламенттің нақты міндеті болатын. Осындай заңдық өзгерістердіңболмауынан алыпсатарлар бес тиындық айыппұл төлеп, әкімдер мен министрлер «сөгісалып» не «жұмысынан босатылып» (қандай «страшный» жаза!) жатыр. Кейде маған «осыпарламент елге індет келгенін біле ме екен» деген ой келеді де, жастары 65-тен асқандепутаттардың парламент отырысына қатыспау құқығы берілгенін есіме түсіріп,қуанып кетемін. Демек, ел басына күн туғанын олар да біледі екен.
Ауруда – шаншу жаман,сөзде – қаңқу жаман
Осындай алапат кезде қаңқу,дақпырт сөздер де күрт көбейіп кетеді екен. Біреулер «бұның бәрін жасап жатқаневрейлердің жасырын ұйымы екен» деп ант ішсе, енді біреулер Құранға қолдарынқойып, «самолеттен ауру тарататын бірдеңе шашып жүр екен» деген ақпараттаратуда. Шындығын дәлелдеу үшін суретін де салады екен (современный «қаңқу»!).Әрине, жалған ақпарат таратып, халықты үркіткен жандарды жазалау керек шығар,бірақ адам сенбейтін мәселені (самолетпен індет тарататын заттарды шашу осыдан жүз жыл бұрын қолданатын тәсіл, қазірондай зұлымдықты жүзеге асыратындар алақандай дронмен-ақ бүкіл әлемді улайалады) айтқандардың соңына ілесетін өзімізді қалай жазалаймыз!?
Меніңше, халықты самолетпен ушашып, қырудың қажеті шамалы. Отыз жыл өзімізді өзіміз алдап, барлық саламызды,оның ішінде білім саласын құртып алған қоғамды самолетсіз-ақ қыруға болады. Менүшін дәрілерді бірнеше есе қымбатқа сатып жүрген өзіміздің алыпсатар алаяқтар«әлемдегі адамдардың санын азайтамыз» деп, кеңес құрып отырған еврейлердіңжасырын ұйымынан әлдеқайда қауіпті. Бұл қаңқуларды шығарған, таратқан жандар –сол биліктің қорғаушылары.
«Несиені кешіру» деген қандай ұран?
Енді біреулер азаматтардыңалған несиесін кешіру керек деген, сайлау кезінде дауыс жинауға арналған арзанталап көтеріп жүр. Біріншіден, алған қарызды қайтармау – ең үлкен күнәнің бірі.Сондықтан өз басым аштан қалсам да, қарыз алмайтын жанмын. Екіншіден, қазірнарық заманы, сондықтан мемлекет бұйрық шығарып, банктерді несиені кешіругемәжбүрлей алмайды. Демек, біреулердің өзінің бизнесін дамыту үшін, тағыбіреулердің басқалардан асырып той жасаймын деп, күшеніп алған қарызынмемлекет, демек, халық өзінің қалтасынан төлеу керек. «Несиеге кешірім жасаукерек» деген ешқандай негізсіз, арзан ұраннан гөрі «мұқтаж жандарға бөлінетін42 500 теңгені есеңгіреп отырған халыққа емес, несие алғандардың қарызынөтеуге жіберейік» деген немесе «несие алғандардың қарызын өтеу үшін арнайы қорқұрып, халықтан ақша жинайық» деген салиқалы ұсынысқа референдум өткізгеніміз дұрыс болатынсияқты.
Меніңше, «несиені өшіруден» гөрімұқтаж отбасыларға, жеке азаматтарға тікелей қолдау көрсеткен дұрыс болар еді.Тағы қайталаймын, тек «қысқа жіптері күрмеуге келмей» жүрген әлеуметтік топқағана мемлекет тарапынан адресті көмек жасалуы шарт. Оны олар несиені жабуғажұмсай ма, әлде басқаша пайдалана ма, өздері біледі.
Үкіметтіңкеткені не береді?!
Президент үкіметке екі аптауақыт берді. Оларды біреулер қолдап, біреулер қорғап жатыр. Ал мен екі аптаданкейін не болатынын ойлап отырмын. Мүмкін, тағы да «сөгіс» пен «бұрышқа тұрғызумен»іс бітетін шығар, бірақ ашынған халыққа жауаптылықтың бар екенін көрсету үшін үкіметтіотставкаға жіберсе не болар екен? Тағы да бір облыс әкімінің орынбасарын екіншіоблысқа әкім етіп, бір министрдің жауапты хатшысын екінші министрліккеорынбасар қылып, қала әкіміне облыс әкімінің орнын берсе т.т. бұл ешқандайнәтиже бермейтін әрекет болады. Мұндай қозғалысы бар, ал өзгерісі жоқ ауыстыруларды 30 жылбойы көріп келеміз. Өркениетті елдерде үкімет билікке келген жаңа партияныңжеңісімен өзгереді. Ондай жағдайда министрлер кабинеті толығымен кетеді де, билікте бұрын болмаған жаңа адамдаркеледі. Қазіргі кезеңде бізде ондай өзгерістің болуы мүмкін емес. Сайлаудыңтүрі – анау, саяси партиялардың түрі – мынау. Бізде номенклатураға кіргеннен кейін бір кабинеттен екінші кабинеткекөшіп, тойған мысық сияқты жүре беру керек.
Сондықтан өз басым үкіметтіңкетуінен ешқандай жақсылық күтпеймін. Президентбилік басына келетін келесі шенділерді тағы да сол отставкаға кеткен үкіметтенала ма деп қорқамын.
Дос КӨШІМ