Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:30, 18 Шілде 2024

Қарызы кешіктірілген адамдардың құмар ойындарға қатысуына шектеу қойылады

d
Фото: pixabay

Ойын бизнесі және лотерея қызметін реттеу туралы тиісті заңға 8 шілдеде қол қойылды.

Құмар ойындар мен бәс тігуді, оның ішінде СМС-хабарламалар арқылы жарнамалауға шектеу қойылады.

«Букмекерлердің сыртқы жарнамасына, соның ішінде көлік құралдарында жарнамалауға тыйым салынады. Букмекерлік кеңселер, спорт ғимараттарына және спортшылардың жабдықтарына ғана ерекшелік жасалады. Осыған ұқсас норма масс-медиаға, оның ішінде интернет-ресурстарға қатысты қарастырылған. Бұдан былай азаматтар букмекерлік кеңселерді жарнамалайтын SMS-тер алмайды», - деді ҚР туризм және спорт вице-министрі Мирас Төлебаев.

Сонымен қатар, борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізілген адамдарды құмар ойындарға жіберуге және бәс тігуге тыйым салынады. Мұндай адамдар саны, уәкілетті органның деректері бойынша, шамамен 3,5 млн құрайды.

«Норма азаматтарды ұтыс тігіп, соның есебінен қарыздарды жабуға тырысу әрекетінен қорғайды», - деп атап өтті Мирас Төлебаев.
Тегтер: