Қарт әкесін ұрып-соққан түркістандықтың жұбайына қатысты іс тоқтатылды
Сот отырысы барысында қатысушыларға айыпталушының әкесін соққыға жыққан сәттері түсірілген бейнежазба көрсетілді.
Кадрлардан ер адамның жұбайы да көрінеді.
Сот-медициналық сараптама марқұмның мұрны мен қабырғалары сынғанын, сондай-ақ денесінің бірнеше жерінде жарақаттар болғанын анықтаған. Қазіргі уақытта Жетісай аудандық соты тергеу материалдарына сәйкес әкесін ұрып-соғып, азаптаған деп айыпталған 41 жастағы Алмас Садақбаевқа қатысты істі қарауды жалғастырып жатыр.
Айыпталушының кәмелетке толмаған екі баласы бар. Бұл жағдай сот үкімі кезінде жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде ескерілуі мүмкін. Сонымен қатар, бүгін айыпталушының жұбайына қатысты «Ұрып-соғу» бабы бойынша қозғалған қылмыстық істің дәлелдердің жеткіліксіздігіне байланысты тоқтатылғаны белгілі болды.