Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 16:31

Қаржаубай Нұрымовқа қатысты қылмыстық іс жабылды

Қаржаубай Нұрымов
Фото: Жас Алаш

Қаржаубай Нұрымовқа қатысты қозғалған қылмыстық істің тоқтатылғанын оның адвокаты Мейірман Шекеев мәлімдеді.

 Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Адвокаттың айтуынша, аталған іске байланысты қоғамда түрлі қауесет тарап, журналистер мен тікелей эфирлерде көптеген сұрақ қойылған. Осы өсек-аяңға нүкте қою үшін ақпаратты жариялауды жөн көрген.

Шекеевтің сөзінше, бұған дейін түсініктеме берілмеуінің себебі — тергеудің жалғасуы. Ал жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде қылмыстық іс тоқтатылған.

Сонымен қатар адвокат Қаржаубайдың айналасында оған қарсы адамдар болғанын да атап өтті. Кейбір азаматтар оның міндетті түрде сотталатынына сеніп, отбасы туралы жалған ақпарат таратқан.