Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:42, 09 Қазан 2024

Қаржы министрлігінің лауазымды адамдары 68 млн теңге пара алу кезінде ұсталды

ы
Фото: Антикор

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің арнайы операциясы барысында Алматы және Астана қалаларында ауыр жемқорлық қылмыс жасағаны үшін Қаржы министрлігі басқармаларының басшылары әшкереленді.

Олар кәсіпорынға толық сомаға азайтылуы тиіс 570 млн теңге мөлшерінде салықты негізсіз қосымша есептеу туралы қызметтік ақпаратқа қол жеткізе отырып, делдал арқылы осы фирманың өкіліне жүгініп, одан ақшалай сыйақы талап етті деп күдіктенеді. Алдағы уақытта аталған мәселені шешу сылтауымен 68 млн теңге сомасында ақшалай қаражат алу үстінде Қаржы министрлігінің лауазымды адамдары мен делдал әшкереленген, деп хабарлады ведомства.

Соттың санкциясымен күдіктілер электронды бақылау құралдарын қолдана отырып, «үй қамағына» алынды. Ведомствоның басқа лауазымды адамдарының қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысы бар-жоғы тексерілуде. 

Тергеу жалғасып жатыр.