Қашағандағы жөндеу жұмыстары бірнеше күнге кешігіп басталады
Қашаған кен орнындағы күрделі жөндеу жұмыстары жоспарланған уақыттан бірнеше күн кеш басталады, деп хабарлады бейсенбі күні Қазақстанның Энергетика министрлігі. Алайда, оның себептері нақтыланған жоқ.
«Қашаған кен орнындағы жөндеу жұмыстары 7 қазанда басталып, 30 күнтізбелік күнге созылады», - делінген Энергетика министрлігінің хабарламасында.
Бұған дейін жөндеу жұмыстары 3 қазанға жоспарланған болатын. Сонымен бірге Энергетика министрлігі газдың жоқтығына байланысты жөндеу жұмыстарын келесі жылға қалдыру туралы өтінішпен кен орны үлескерлеріне жүгінгені туралы ақпаратты жоққа шығарды. Департамент «бұл нұсқа қарастырылды, бірақ ол тек талқылау деңгейінде болды» деді.
Ал, Атырау мұнай өңдеу зауытында 25 күнге созылатын технологиялық қондырғыларды жоспарлы жөндеу жұмыстары басталғаны хабарланды.