Бүгін, 10:00
Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістанға барады
3-4 ақпан күндері Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ислам Республикасы Пәкістанге мемлекеттік сапармен барады.
Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Сапар аясында Мемлекет басшысы Пәкістанның Премьер-министрі Шахбаз Шарифпен және Президенті Асиф Али Зардаримен келіссөздер өткізеді. Кездесулерде саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту перспективалары талқыланбақ.
Сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақ-пәкістан бизнес-форумының жұмысына қатысуы жоспарланып отыр.