Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 14:18

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Өзбекстанға барды

Тоқаев пен Мирзаеев
Фото: Ақорда

Жұмыс сапарының бағдарламасында екіжақты келіссөздер, сондай-ақ Бұхараның тарихи ескерткіштерін аралау, өнеркәсіп кәсіпорындарымен танысу және басқа да іс-шаралар қарастырылған.

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Өзбекстанға келді.

Мәртебелі қонақты Бұхара халықаралық әуежайында Шавкат Мирзиёев қарсы алды.

Әуежайда ұлттық ән-күй мен биден тұратын салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Екі елдің мемлекеттік тулары көтеріліп, құрмет қарауылы сап түзеді. Әскери оркестрдің орындауында мемлекеттік гимндер шырқалды.

Бүгін көшбасшылар екіжақты келіссөздер жүргізеді. Сондай-ақ Бұхараның тарихи нысандарын зиярат ету, өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметімен танысу және басқа да іс-шаралар жоспарланған.