Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
07:46, 16 Шілде 2020

Kaspi.kz 100 жедел жәрдем көлігін сыйға тартады

    

Науқастардытасымалдауға арналған арнайы көліктердің алғашқылары осы аптада дәрігерлергеберіледі.

      Kaspi.kzкомпаниясы пандемиямен қарсы күреске 100 жедел жәрдем көлігін сыйлайды.Ауруханалардың жедел бригадаларына (ауырлығы 4 санаттағы жедел медициналықшақырулар) арналған арнайы санитарлық автокөлікті отандық автоөндіруші«СарыарқаАвтоПром» Chevrolet Damas үлгісінің базасында және Қазақстан Республикасыныңденсаулық сақтау министрлігінің техникалық ұсыныстарына сай жасайды.

      Kaspi.kz басшысы МихаилЛОМТАДЗ бұл туралы былай деді: «Барлығымызденсаулық сақтау саласына орасан зор ауыртпалық түскенін көріп отырмыз,сондықтан біздің команда пандемиямен күресте алға шепте жүрген дәрігерлергекөмек көрсетуді басты міндет деп санады. Біз дәрігерлердің және денсаулықсақтау министрлігінің автокөлік жинақтамасы туралы талаптарын зерттеп, жеделжәрдем көлігіне арналған техникалық талаптарды әзірлеп, Қазақстанда жылдамжасап шығарып, бүкіл ел аумағындағы салалық медициналық мекемелерге қысқа мерзімдежеткізуге дайындадық. Арнайы жинақтамадағы алғашқы автокөліктер дәрігерлергеосы аптада беріледі».

    Вячеслав КИМ, Kaspi.kz директорлар кеңесінің төрағасы: «Біз дәрігерлер бригадасының шақыруларға уақытындабарып, адамдарға көмектесуіне мүмкіндік болуы үшін мемлекетке 100 жедел жәрдемкөлігін қайтарымсыз береміз. Отандық автоөндіруші «СарыарқаАвтоПроммен» біргешетелде емес, Қазақстанның ішінде жедел жабдықтауға болатын көлік түрінтаңдадық. Мұндай көліктердің жалпы құны 1 миллиард теңгені құрады. Мен қазірбизнес мемлекетке иық тосып, пандемияны жеңуге байланысты міндеттерді шешугебелсенді үлес қосуы керек деп ойлаймын».

      «Kaspi.kzұсынған өлшемшарттар мен денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысымен маневргеоңтайлы автокөлік таңдалды, бұл жедел жұмыс үшін аса маңызды. Қазіргі жағдайдыескере отырып,біз жақын уақытта науқастарды тасымалдауға арналған медициналық, санитарлық,бактерицидті жарақтардың барлығымен, оның ішінде өкпені жасанды желдету аппараты, ЭКГ аппараты, ульсоксиметр мендефибриллятормен жабдықталған көліктерді жасап шығарамыз», – деді«СарыарқаАвтоПром» директоры Сырым Семейбаев.

      Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше,ел аумағында күн сайын 1400 бригада медициналық жедел жәрдем көрсетеді, олар26 мың шақыру қабылдайды. Министрлік өкілдерінің айтуынша,бұл жедел жәрдем қызметі мен қазіргі бар инфрақұрылым үшін айтарлықтай салмақтүсіріп тұр.

Тегтер: