Каспий қан қызыл түске боялды

Ақтаудағы 1-шағын аудан аумағындағы Каспий теңізінің жағалауы қызыл түсті. Жергілікті тұрғындар дабыл қаққанымен, экологтар ақтаулықтарды тыныштандырды.
Әлеуметтік желіде теңіз жағалауын қан қызыл дақтары бейнелеген фотосуреттер жарияланды.
Жергілікті тұрғындар бірден алаңдаушылық білдіріп, «аномалияға» қандай да бір химиялық разряд себеп болуы мүмкін деп қауіптенген. Алайда экологтар жағдайдың қалыпты екенін және қоршаған ортаға немесе адамдарға қауіп төндірмейтінін алға тартады.
"Бұл біз әр қыс мезгілінде бақылайтын кәдімгі табиғи құбылыс. Әсіресе қар жауса, ашық қызыл түс аққа қорқынышты көрінеді. Мұндай түсті беретін қоңыр балдырлар", - деп түсіндірді "Эко Маңғыстау" үкіметтік емес ұйымының жетекшісі Кирилл Осин.
Экологтар суық ауа райында балдырлар көбейіп, гүлдейтінін атап өтті, бұл мұндай «қорқынышты» көріністі тудырады.
Маңғыстау экология департаменті де балдырлардың кесірінен жағаның қызарып кеткеніне сенімді, бірақ сыртқы әсерді жоққа шығару үшін сынама алды.
"Достар", "Нұр-Плаза" жағажайлары мен яхта клубы аймағынан сынамалар алынды. Сараптамаға қарағанда, теңізде химиялық әсер анықталған жоқ. Балдырлар ешқандай зиян келтірмейді. Бұл табиғи құбылыс, сондықтан алаңдаудың қажеті жоқ", - деп түсіндірді Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің гидробиология бөлімінің лаборанты Нұрболат Өтемісов.
Бұған дейін Қазақстанның экологтары, ғалымдары мен қоғам қайраткерлері бірігіп, қауіпті экологиялық дағдарыс – теңіздің тайыздануымен күресуге бағытталған «Каспийді құтқару» жаһандық қозғалысын бастаған болатын.