Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 10:07

Каспийдегі «Лукойл» платформасына соққы жасалды

мұнай
Фото: из открытых источников

Украина қауіпсіздік қызметінің «Альфа» арнайы операциялар орталығы Ресейдің «Лукойл» компаниясына тиесілі мұнай өндіру платформасына дронмен соққы жасағаны туралы хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, теңіз платформасына кемінде төрт дрон тигені салдарынан шамамен 20 ұңғымада мұнай мен газ өндіру тоқтап қалған. Бұл мәліметтерді тәуелсіз дереккөздер әзірше растамады.

ASTRA телеграм-арнасы Ресей ТЖМ-ге сүйеніп, Филановский кенішіндегі стационарлық платформаға бірнеше дрон шабуылдағанын жазды. «Лукойл» мәліметінше, бұл кеніш – Каспийдің Ресей бөлігіндегі ең ірі объектілердің бірі, бастапқы қоры 129 млн тонна мұнай мен 30 млрд текше метр газ деп бағаланған. Ондағы өнім Каспий құбыр консорциумы арқылы экспортқа жөнелтіледі.

Шабуыл уақыты нақтыланбады. Ресей билігі оқиғаға қатысты пікір білдірген жоқ. 11 желтоқсан таңертең Ресей қорғаныс министрлігі бір тәулікте елдің 12 аймағында 287 украин дронын атып түсірдік деп мәлімдеген.

Тегтер: