Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:30, 25 Шілде 2023

Катар 200 миллиард доллар жұмсады. Министр елімізде ӘЧ өткізу туралы сұраққа жауап берді

None
None

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов 2034 жылы әлем чемпионатын Қазақстанда өткізу туралы сұраққа жауап берді.

Үкімет отырысында журналистердің сауалдарына жауап берген министр бұл мәселе күн тәртібінде жоқ екенін айтты.

«Объективті болайық. Бұл мәселемен жүйелі түрде айналысу керек. Ресми деректер бойынша, Катарда өткен соңғы әлем чемпионатына 200 миллиард доллар жұмсалғанын білеміз. Менің жеке пікірім, жастар спортын көтеруге және дамытуға баса назар аудару керек. Тек футбол ғана емес», — деді Оралов.

Оның айтуынша, министрліктің алдында басқа да міндеттер тұр.

«Бүгінде Қазақстанда 43 мыңнан астам спорт алаңы бар. Енді осы мәліметтерді қайта қарап, бар ма, жоқ па, іс жүзінде қарауымыз керек. Олар қаншалықты заманауи, бірінші кезекте адам денсаулығына зиян тигізбес үшін қарапайым стандарттарға сай келе ме? Біз балалар мен жасөспірімдер спортын, бұқаралық спортты қолдауға баса назар аударамыз. Балалар дене шынықтырумен айналысу керек», — деді минстр.

Министр бірінші кезекте балалар спортын дамытуға жағдай жасау керек деп есептейді.

«Егжей-тегжейлі талдау керек. Екі облыста қазірдің өзінде түгендеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бәлкім кейбір өңірде футбол алаңдары басым шығар, бірақ жеңіл атлетика жеткіліксіз», — деді Оралов.

Бұған дейін Мәдениет және спорт министрлігі 2034 жылы әлем чемпионатының Қазақстанда өтуі мүмкін екендігі туралы ақпаратқа түсініктеме берген болатын.

Тегтер: