Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 11:22

«Қайрат» - «Арсенал» матчының билеттері сатылымға шықты

1
Фото: Коллаж offside.kz

«Қайрат» футбол клубы УЕФА Чемпиондар лигасы аясында өтетін «Арсеналға» қарсы сырт алаңдағы матчтың билеттері сатылымға шыққанын хабарлады.

Кездесу 28 қаңтар күні Лондондағы Emirates Stadium стадионында өтеді. Ойын жергілікті уақытпен 20:00-де, ал Алматы уақытымен 29 қаңтарға қараған түні 01:00-де басталады.

Қонақ секторындағы билеттерді Qairat SuperApp және Freedom SuperApp мобильді қосымшалары арқылы сатып алуға болады.

Freedom SuperApp деректеріне сәйкес, билеттердің бағасы 36 мың теңгеден басталады.

Клубта әрбір билет бір құрылғыға ғана тіркелетінін нақтылады. Бұл ретте QR-код қолданылмайды — идентификация NFC технологиясы арқылы жүзеге асырылады. Матчқа кіру үшін билетті міндетті түрде мобильді әмиянға қосу қажет.

Билетке арналған сілтеме матч басталуына бірнеше күн қалғанда сатып алу кезінде көрсетілген электрондық поштаға жіберіледі.

Билеттер қайтарылмайды.