Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 09:00

«Қайрат» өз алаңында «Брюггеден» 1:4 есебімен ұтылды

Қайрат Брюгге
Фото: ашық дереккөз

Алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасындағы өз алаңында бельгиялық «Брюгге» клубымен кездесіп, 1:4 есебімен ұтылды.

Ойынның алғашқы минуттарында «Қайрат» қарсылас қақпасына бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырғанымен, есеп ашуға мүмкіндік болмады. 32-минутта «Интер» академиясының түлегі Станкович алматылықтардың қорғанысын бұзып өтіп, есеп ашты. Ал 38-минутта Ванакен тағы бір гол соғып, қонақтардың басымдығын арттырды — 0:2.

Екінші таймның 74-минутында «Брюгге» үшінші голын соғып, ойын тағдырын айқындады.

Нәтижесінде «Қайрат» өз алаңында бельгиялық ұжымға 1:4 есебімен есе жіберді.