Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 11:10

Қайрат Сатыбалды мен оның әйелдерінің Франциядағы пәтерлері сатылымға шығарылды

Қайрат Сатыбалды
Фото: Inbusiness.kz

Оңтүстік Франциядағы Антиб түбегіндегі Parc du Cap элиталық тұрғын үй кешенінде сатылымға арналған пәтерлер туралы хабарландырулар пайда болды. 

Сатылымға шығарылған төрт пәтер төрт фирмаға тіркелген: KS Propriete, SK Propriete, AB Propriete және GK Propriete, оларды Қайрат Сатыбалды мен оның үш әйелі – Саида Қанатбекқызы, Асель Бахтиярқызы және Гүлмира Кауасқызы иемденген.

Бұл компаниялар Монакода тіркелгендіктен, қазіргі иесін тек жергілікті заңгерлер мен нотариустар біле алады.

Айта кетейік, Қазақстанда да тәркіленген мүліктер сатылымға шығарылады.

Сәуірде Алматыдағы Kaisar Plaza бастапқы бағасы 62 млрд теңге, ал DoubleTree by Hilton қонақүйі мен «Байсат» базары да сатылады.