Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 15:10

Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған «Байсат» базары 28 млрд теңгеге сатылмақ

Қайрат Сатыбалды
Фото: из открытых источников

Қайтарылған активтерді басқару компаниясы Алматыдағы «Байсат» базарының үлесін сатылымға шығаратынын хабарлады. Аукцион 2025 жылғы 18 қарашада, сағат 10:00-де өтеді.

Бастапқы баға: 28 639 882 000 теңге.

Аукцион ашықтық пен әділ бәсекелестік қағидаттарына сәйкес өткізіледі. Барлық ниет білдірушілер E-Qazyna ресми порталынан толық ақпаратпен таныса алады. Активтердің сатылымынан түскен қаражат арнайы мемлекеттік қорға жіберіліп, қоғам мүддесіне арналған әлеуметтік маңызы бар жобаларға жұмсалады, - делінген хабарламада.

Айта кетейік,  экс-президенттің немере інісі Қайрат Сатыбалды шартты жазамен түрмеден былтыр қыркүйек айында босап шықты. Ол мемлекетке 732,8 млрд теңге көлеміндегі заңсыз жолмен алынған активтерді қайтарған соң, сот жазаның қалған бөлігін бас бостандығын шектеумен алмастырды.

Сатыбалдының бостандыққа шығуы қоғамда түрлі пікір туғызып, бір тарап мұны "Ескі мен Жаңа Қазақстан арасындағы жасырын келісімнің белгісі" деп есептесе, екінші тарап «ескі кландар» қайтадан күш ала бастады ма деген алаңдаушылық білдірді.