Бүгін, 14:10
Қайрат Сатыбалдының қонақүйі Алматы қалалық сотының иелігіне берілетін болды
Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады.
Сот өкілдерінің мәліметінше, ғимарат қазір қалалық Сот әкімшілігі департаментінің қарамағында. Алдағы жөндеу жұмыстарына дайындық ретінде инженерлік желілер мен құрылыс элементтерінің техникалық жағдайы тексеріліп жатыр.
Айта кетейік, аумағы 9 461,6 шаршы метрді құрайтын қонақүй Көктем-3 шағынауданында орналасқан. Ол 2023 жылғы 1 тамызда Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментімен жасалған сыйға тарту шарты бойынша мемлекет меншігіне өткен болатын.