Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:43, 10 Қыркүйек 2024

Қайтарылған активтер Мемлекеттік мүлік тізілімінің порталында сатылады

f
Фото:ortkom

2023 жылдың қыркүйегінде Қайтарылған активтерді басқару компаниясы құрылды және басқарушы компания берген активтерді Басқару ережелері бекітілді. Сондай – ақ «Заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтару туралы» ҚР Заңын іске асыру үшін қажетті заңнамалық база қабылданды, Арнаулы мемлекеттік қор - арнайы шоты ашылды.

ҚР ҚМ Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы Бақытбек Тәшенев ОКҚ алаңында Арнаулы мемлекеттік қор – бұл Бюджет кодексіне сәйкес Қаржы министрлігінде әлеуметтік, экономикалық жобаларды, сондай-ақ Қазақстан заңнамасында айқындалған тәртіппен активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органның шығыстарын қаржыландыру мақсатында ақша түсімдерін есепке алу және жұмсау үшін ашылған қолма-қол ақшаны бақылау шоты екенін түсіндірді. Қаржы министрлігі Арнайы мемлекеттік қор қаражатының түсімдері мен жұмсалуы туралы ақпаратты жыл сайын жариялауға тиіс.

«Арнаулы мемлекеттік қордың түсімдері, оның ішінде Заңда белгіленген тәртіппен қайтарылған мүлікті өткізуден түскен ақша, сондай-ақ басқарушы компанияның меншігіне не оның активтерді басқару жөніндегі қызметі нәтижесінде түскен өзге мүлікті сатудан түскен ақша болып табылады. Арнаулы мемлекеттік қорға түсетін түсімдер 176,3 млрд теңгені құрайды, оның ішінде басқарушы компаниядан түскен қаражат 5,7 млрд теңгені, активтерді сатудан 5,559 млрд теңгені және активтерді басқарудан түскен қаражат 141 млн теңгені құрайды. Арнаулы мемлекеттік қор қаражатын бөлу ҚР Бюджет кодексіне сәйкес республикалық бюджет комиссиясында орталық мемлекеттік органдардың ұсыныстарын міндетті түрде қараумен жүзеге асырылады», – деп атап өтті спикер.

Арнаулы мемлекеттік қордың қаражаты Әлеуметтік және экономикалық жобаларды қаржыландыруға жұмсалатын болады. Арнаулы мемлекеттік қор қаражаты есебінен қаржыландыру үшін жобаларды іріктеу және олардың өлшемшарттарын айқындау тәртібі Әлеуметтік және экономикалық жобаларды іріктеудің және өлшемшарттарын айқындаудың арнайы қағидаларында айқындалған.

Қаржы министрлігі ай сайын Арнаулы мемлекеттік қордың шотына қаражат түсімдерінің мониторингін жүргізетін болады, олар алты ай ішінде пайдаланылмаған жағдайда, қаражат Арнаулы мемлекеттік қордың шотына қайтарылады.

Заң шеңберінде «Қайтарылған активтерді басқару жөніндегі компания» ЖШС мемлекетке қайтарылған, өтеусіз беру туралы шарттар шеңберінде берілетін активтерді, оның ішінде жылжымалы және жылжымайтын мүлік объектілерін Қазақстанға және одан тыс жерлерге қабылдау бойынша жұмыс жүргізеді.

Активтерді сату Арнаулы мемлекеттік қорды толықтыру мақсатында жүзеге асырылады және басқарушы компанияны оның мүлкінің құрамына түскен активтерді басқарудың негізгі мақсаты болып табылады. Бұл ретте, активтерді сатқанға дейін мүліктік жалдау, сенімгерлік басқару сияқты активтерді басқару тәсілдері қолданылуы мүмкін, сондай-ақ басқарушы компания айқындайтын, ҚР заңнамасына және актив орналасқан елдің заңнамасына қайшы келмейтін өзге де тәсілдер көзделуі мүмкін. Сонымен қатар мемлекетке қажетті активтер мемлекет меншігіне берілуі мүмкін.

Меншік құқығы тіркелді, 219 актив теңгерімге қойылды, оның 196-ы зергерлік бұйымдар және 23-і басқа активтердің (тұрғын және коммерциялық жылжымайтын мүлік, өндірістік база, тұрғын емес үй-жайлар, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарындағы қатысу үлестері, аяқталмаған құрылыс, жер учаскелері, тауарлық-материалдық құндылықтар және жылжымайтын мүлік объектісінің негізгі құралдары) жалпы сомасы – 46,9 млрд теңге. Жалпы құны 38,2 млрд теңге активтерді (виллаларға, автомобильдерге, пәтерлерге, қоймалық үй-жайларға, тұрақ орындарына, үйлерге, аяқталмаған құрылысқа) беру шарттарына қол қойылды, беру процесінде заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлесі 390 млн теңге сомасына тең.

Қазақстандағы активтер www.e-qazyna.kz. Мемлекеттік мүлік тізілімінің порталында сатылады, шетелде орналасқан активтерді сату актив орналасқан елдің заңнамасы шеңберінде жүзеге асырылады. Сауда-саттыққа Астана және Алматы қалаларында 13 жылжымайтын мүлік объектісі қойылды. Оның ішіндегі 3 нысан аукционда 1,8 млрд теңгеге сатылды. Басқарушы компания жалпы сомасы 6,4 млрд теңге активтерді сатты.