Бүгін, 10:31
Қаза тапқан судья Сайлыбаеваның бұрынғы күйеуі Ресейдегі жоғары оқу орнында сабақ береді
2GIS сервисінің қолданушылары Қазақстанда өлтірілген судья Айгүл Сайлыбаеваның бұрынғы жұбайы Ресейдегі жоғары оқу орнында жұмыс істейтіні туралы ақпараттан кейін Жоғары экономика мектебінің (ЖЭМ) рейтингін жаппай төмендеткен.
Соның салдарынан университеттің рейтингі 1,6 баллға дейін құлдырады. Аномальды белсенділікке байланысты кейбір пікірлер уақытша жасырылған.
ЖОО-ның ресми сайтындағы мәліметке сәйкес, Александр Донцов 2025 жылдан бері университетте жұмыс істейді және оқу әрі ғылыми қызметке тартылған. Ол бұған дейін қылмысқа қатысы жоқ екенін мәлімдеген.
Айгүл Сайлыбаеваның өліміне қатысты іс бойынша тергеу әлі жалғасып жатыр.