Қаза тапқан Яна Легкодимованың анасы Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне жүгінді
Атырауда қатыгездікпен өлтірілген Яна Легкодимованың анасы Галина Легкодимова Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне ресми сұрау жолдады.
Бұл туралы ол «7 арна» продюсеріне берген сұхбатында айтты.
Галина Легкодимованың айтуынша, оны қызының өліміне кінәлі деп танылған Ризуан Хайржанов пен Алтынбек Катимовтың жазасын өтеу орнына қашан жіберілетіні алаңдатады. Қазіргі уақытта екеуі де, Атыраудағы тергеу изоляторында отыр. Ал бұл жердегі жағдай өмір бойына бас бостандығынан айырылғандарға арналған колониялардан айтарлықтай өзгеше екені айтылған.
Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті бұл мәселеге қатысты пікір білдіріп, сотталғандардың заңда белгіленген тәртіппен жазасын өтеу орнына жіберілетінін мәлімдеді:
«Аталған сотталғандар заңнамаға сәйкес жазасын өтеу орнына жіберіледі.
Заңгерлердің түсіндіруінше, сотталғандарды этаптау әдетте айына бір рет жүзеге асады. Бірақ оған демалыс күндері, мемлекеттік мерекелер немесе басқа да жағдайлар әсер етуі мүмкін. Сонымен қатар бұл процесс жабық түрде өтеді, ал оның мерзімі туралы ақпарат тек уәкілетті тұлғалардың шектеулі тобына ғана белгілі болады.
Еске салайық, на Легкодимова бір жылға жуық уақыт бойы хабар-ошарсыз кеткендердің қатарында болған. Қылмысқа күдікті ретінде екі ер адам ұсталды, олардың бірі оның жігіті болған. Сот барысында олардың кінәсі толық дәлелденді. Қыздың мәйіті сегіз ай іздеуден кейін табылды. Сонымен қатар сотталғандар материалдық шығын ретінде шамамен 2 миллион теңге, ал моральдық өтемақы ретінде әрқайсысы 15 миллион теңге төлеуге міндеттелді.