Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 14:32

Қаза тапқан және жарақат алған сарбаздар ісін Бас прокуратура қарайды

1
Фото: Orda.kz

Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов мәлімдеді. Оның сөзіне сенсек, аналардың барлық өтініші мен шағымдары назардан тыс қалмайды.

Сонымен қатар әскери қызметкерлердің қаза табуы мен жарақат алуын алдын алу шаралары, әскерге шақырудың заңдылығы және медициналық тексерістің негізділігі арнайы тексеріледі.

Бұл жұмысқа Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық ұланның орталық аппарат өкілдері де қатысып жатыр.

Айта кетейік, 10 қараша күні  Қазақстан армиясында қызмет кезінде қаза тапқан және жарақат алған сарбаздардың аналары  Министрліктер үйінің алдына жиналған еді.. Әйелдер әділ тергеу мен сарбаздардың құқықтарын қорғауды талап етті.

Жиналған аналар мен әкелер өз ұлдарының өлімі әділ тергелмей отырғанына наразы болды. Олар қылмыстық істердің созбалаңға салынып, кінәлілердің жазадан құтылып кетуін тоқтатуды талап етті.

Ресми дерекке сүйенсек, 2020 жылдан бері Қазақстан армиясында 270 әскери қызметші қаза тапқан.

Тегтер: