Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:36, 08 Қаңтар 2024

«Қазақ діннен арылу керек, дін деген апиын» – Мұхтар Мағауин

Мұхтар Мағауин
Фото: из открытых источников

Жазушы, тарихшы, бірнеше жыл шетелде тұрып жатқан ғалым Мұхтар Мағауин "Халық үні" арнасына берген сұхбатында Қазақстандағы діни ахуалға баға берді, деп жазды zhasalash.kz.

Жазушы «дін деген қараңғылық» деп, қазақ жастарының болашағына алаңдайтынын, сондай-ақ. мемлекет жаппай зиялылыққа, зайырлы мемлекет санасына жету керек екенін баса айтты. 


“Дін деген апиын деген. Сол дұрыс сөз. Оның мәнісін ұғынып жатқан жоқ. Апиын аз қолданса ем, көп қолданса ауру. Мен солай ұғынамын. 19 ғасырдағы қазақтың зиялылары, оқығандары неге қарсы күресті? Отарлыққа қарсы әрекет жасап, дінге қарсы күресті. Дін деген қараңғылық. Әсіредіншілдіктің түкке керегі жоқ. Мәдениет пен ғылым - білімді жеткізетін дін емес. Мешіт емес, мектеп. Бізге арабтың не керегі бар? Оның бәрі біздің табиғатымызға жат нәрсе. Жалпы діншілдікті азайту керек. Қазақ діннен арылу керек. Кәдімгі зиялылыққа жету керек. Зайырлы мемлекеттік санаға жету керек. Әсіресе, балаларды бұзып бара жатыр. Жазатын да, айтатын да нәрсе көп. Енді ойламаған жерде, дін қазаққа қайшы болып шықты. Діндарлар қазақтың салты мен дәстүріне қарсы. Киіміне қарсы. Тіпті, қазақтың тілін бүлдірді. Соңында бейіт тұрғызуға қарсы шығып, келін сәлем бермеу керек деді. Осының бәрі қазақты құртатын нәрсе», - деді Мағауин.