Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:43, 08 Қазан 2024

Қазақ - қырғыз шекарасында айына 10 мың тоннаға дейін жанар-жағар май ұрланады

у
Фото: ашық дереккөз

Қаржылық мониторинг агенттігінде шекара маңындағы өңірлерде жанар-жағар майды елден шығаруға қарсы бірлескен бақылауды күшейту бойынша жиын өтті. 

Қазіргі уақытта қуаты аз мұнай өңдеу зауыттарында өңделген ҚЖЖМ ағындары мен «сұр» экспортының күшею қаупі бар. Баға айырмашылығынан жанар-жағар май жеңіл автокөліктердің зауытта қондырылған немесе қолдан жасалған бензин бактарында ел аумағынан заңсыз шығарылады.

Тек Қазақстан-Қырғыз шекарасында айына осындай тәсілмен 10 мың тоннаға дейін жанар жағар май әкетіледі. Сондай-ақ, жағармай құжаттарға жалған ақпарат енгізіліп, теміржол цистерналарымен тасымалдау фактілері кездеседі.

Осыған байланысты жедел-профилактикалық іс-шараны өткізу бойынша одан әрі бірлескен шаралар талқыланып, мұнай өнімдерін әкетуге жол бермеу жөніндегі мемлекеттік органдардың іс-қимыл алгоритмі әзірленді.

Құқық қорғау және мемлекеттік органдардың тиімді өзара іс-қимылын жалғастыру үшін, ЖЖМ заңсыз айналымын азайтуға бағытталған бірқатар профилактикалық іс-шараларды өткізу ұсынылды.

Айта кетейік, Қаржылық мониторинг агенттігінің мұнай өнімдерінің «көлеңкелі» айналымын төмендетуге бағытталған жүйелі жұмысының нәтижесінде автомобиль және теміржол көлігімен ЖЖМ заңсыз өндіру, қайта өңдеу және тасымалдау фактілері анықталып, тергелуде, деп хабарлады агенттік.

Жыл басынан бері 21 қылмыстық іс тіркелді, мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы құны 900 млн теңгеден астам сомаға 3,5 мың тоннаны құрады.