Қазақ қыздарын қорлаған танымал блогерлер 10 жылға сотталуы мүмкін
Мәжілістегі брифингте журналистер бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиевтен әлеуметтік желіде қазақ қыздарына балағат сөздер айтқан шетелдік блогерлерге қатысты дау туралы сұрады.
"Олар ұсақ бұзақылық үшін 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Сонымен қатар, айта кетейін, ІІМ 174-бап бойынша – ұлтаралық араздықты қоздыру дерегі бойынша тергеуді бастады", - деп жауап берді Қойгелдиев.
Анықтама. ҚР ҚК-нің 174-бабы әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік немесе діни алауыздықты қоздыру үшін жауапкершілікті көздейді. Осы баптың 2-бөлігінде мұндай әрекеттер адамдар тобы болып, алдын ала сөз байласу арқылы, бірнеше рет, күш қолданумен немесе күш қолданамын деп қорқытумен, қызметтік жағдайын пайдаланып не қоғамдық бірлестік жетекшісі тарапынан, сондай-ақ шетелдік көздерден алынған қаражатты қоса алғанда, шетелдік көздерден қаржыландыру құралдарын пайдалану арқылы жасалса, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.