Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 12:10

Қазақ журналисі Лұқпан Ахмедьяровтың YouTube арнасы тағы да өшірілді

Лұқпан Ахмедьяров
Фото: ашық дереккөз

Белгілі қазақстандық журналист, «Просто журналистика» YouTube арнасының авторы Лұқпан Ахмедьяров өзінің негізгі арнасы тағы да жойылғанын хабарлады.

«Бүгін біздің негізгі арнамызды тағы да өшіріп тастады. Бір апта бұрын YouTube әкімшілігі “бір бейнеде біреудің құпия деректері жарияланған” деген ескерту жіберген болатын. Біз “кімнің және қай бейнеде” екенін сұрадық, бірақ еш жауап болған жоқ. Ал бүгін арнаны еш ескертусіз өшіріп тастады», – деп жазды Ахмедьяров әлеуметтік желідегі парақшасында.

Журналисттің айтуынша, команда арнаны қалпына келтіру үшін бар күшін салып жатыр.
Ол мұндай жағдай бірінші рет болып отырған жоқ екенін де атап өтті.

«Бұл жағдай біз үшін алғашқы емес. YouTube-та журналистік контентке жиі қысым жасалатыны байқалады», – деді Ахмедьяров.

«Просто журналистика» арнасы соңғы жылдары Қазақстандағы саяси, әлеуметтік және құқықтық тақырыптарды ашық талқылайтын платформалардың бірі болған. Арнада Лұқпан Ахмедьяровтың репортаждары мен сұхбаттары жиі жарияланып, қоғамдағы өткір мәселелер көтеріледі.

Бұл — «Просто журналистика» арнасының алғаш рет бұғатталуы емес. Бұған дейін де бірнеше рет техникалық және авторлық шағымдар себепті арна уақытша тоқтатылған болатын.