10:06, 15 Ақпан 2024
Қазақфильм киностудиясы президентінің кеңесшісі болып Қуаныш Бейсек тағайындалды
Белгілі продюсер және режиссер Қуаныш Бейсек Қазақфильм ұлттық киностудиясы президентінің кеңесшісі болып тағайындалды.
Бұл туралы Азамат Сатыбалды Instagram-парақшасында хабарлады.
"Белгілі продюсер және режиссер Қуаныш Бейсек "Қазақфильм" ұлттық киностудиясы президентінің кеңесшісі болып тағайындалды. Қуаныш, ҚФ-нің творчествалық даму бағытын қадағалап сол бағытқа жауап беретін болады. Қуаныш студиямыздың дамуына өз үлесін қосады деген үлкен сенімім бар", - деп жазды ол.