Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:04, 31 Шілде 2024

«Қазақфильмнен тазалайтындай біз «мусор» емеспіз». Аниматорлар Азамат Сатыбалдыға жауап берді

d
Фото: JasAlash

Екі аптадан асты Қазақфильмдегі шу толастар емес. Азамат Сатыбалды аниматорлардың наразылығынан соң сұхбат беріп, олардың кей сөзін жалған деді.

Ал аниматорлар керісінше, киностудияның президенді өтірік айтып отыр деп есептейді. Киногерлердің айтуынша, аниматорлар жалақы ала алмай зар жылап жүргенде, олармен болған даудың ертеңіне Сатыбалдының екі орынбасары өздеріне 1 млн теңгеден сыйақы жаздырып алыпты. 

Осыдан соң әлеуметтік желіде Азамат Сатыбалдының киностудия басшылығынан кеткені туралы ақпарат тарады. Ал, Мәдениет және ақпарат министрлігі аталған ақпараттың жалған екенін айтады.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" ұлттық киностудиясының президенті Азамат Сатыбалдының жұмыстан босатылуы туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлайды, делінген министрлік хабарламасында. 

JAS ALASH-тың подкастында анимацияның бас редакторы Ерлан Төлеутай, "Алтын адам" жобасының режиссері Тұрдыбек Майдан, Киногерлер одағының төрағасы Адай Әбілда көп мәселенің бетін ашты.