Қазақмыс кеншілері ереуілі кезінде шахтада өрт шыққан
Желтоқсанның 17-сі күні "Жезқазғанцветмет" құрамына кіретін Оңтүстік Жезқазған кеніші мен Жыланды кенішінің жұмысшылары ереуілге шықты. Үшінші ауысымдағы жұмысшылар жер астына барудан бас тартып, жалақыны көтеру және еңбек жағдайын жақсарту қажеттігін айтты.
"Қазақмыс" не дейді?
Компанияның бас директоры мен кәсіподақ өкілдері жұмысшылармен кездесіп, жалақы мәселесін талқылады. Олар "Жезқазғанцветмет" ең төменгі жалақы 363 мың теңгені, ал медиандық жалақысы 650 мың теңгені құрайтынын хабарлады. 2025 жылдың қаңтарынан бастап жалақы 2024 жылғы инфляция деңгейіне индекстелетін болады.
Сонымен бірге компания жалақының күрт өсуі аймақтағы және саладағы жалақы деңгейімен алшақтықты кеңейтуі мүмкін екенін, бұл компанияның бәсекеге қабілеттілігін төмендететінін және бірқатар кеніштердің жабылуына әкелуі мүмкін екенін хабарлаған.
«Жезқазғанцветмет» қызметкері Қайрат Баукен наразылық түстен кейін шахтаға үшінші ауысым түсуі керек болған кезде басталғанын хабарлады. Алайда кеншілер жұмысты жалғастырудан бас тартты.
«Келіссөздер үшін корпорация басшысы Алдабергенов жұмысшыларға түсті. Сондай-ақ, облыс әкімдігі мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері келді. Шахтерлердің талаптары мен шарттары нақтылануда»,дейді Баукен
Еске салайық, 2023 жылдың тамыз айында Сәтбаев өндірістік алаңындағы №65 шахтаның кеншілері мен мердігерлері ереуілге шыққан болатын. Кейін "Қазақмыс" басшылығының өкілдері шахтаға түсіп, ереуілге шыққан кеншілермен келісімге келді.