Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 12:10

Қазақстан 64,6 млрд доллардың тауарын экспорттады

Экспорт
Фото: egemen.kz

Биылғы жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында Қазақстанның сыртқы сауда тауар айналымы 116,3 млрд долларды құрады.

Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеген.

Министрдің айтуынша, есепті кезеңде экспорт көлемі 64,6 млрд долларға жеткен. Оның ішінде 23,3 млрд доллары өңделген тауарлардың үлесіне тиесілі. Ал импорт көлемі 51,7 млрд долларды құраған.

Осылайша, Қазақстанның сауда балансының профициті 12,9 млрд доллардан асты.

Серік Жұманғарин сондай-ақ өңдеу өнеркәсібіндегі жағдайға тоқталды. Оның мәліметінше, бұл саладағы өндіріс көлемі 5,9 пайызға өскен. Өсім көрсеткіші елдің 17 өңірінде тіркелген. Ең жоғары өсім Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан және Түркістан облыстарында, сондай-ақ Алматы мен Шымкент қалаларында байқалған.

Ал Шығыс Қазақстан, Ақмола және Маңғыстау облыстарында өндіріс көлемінің төмендеуі тіркелген.

Министрдің сөзінше, өңдеу өнеркәсібіндегі өсім негізінен машина жасау саласының дамуымен байланысты. Аталған салада өндіріс 11,6 пайызға, оның ішінде автокөлік жасау 15,2 пайызға, ал электр жабдықтарын өндіру 16,7 пайызға артқан.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстаннан астық экспортының үштен біріне артқаны хабарланған болатын.

Тегтер: