Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 13:25

Қазақстан АҚШ және Украина азаматына іздеу жариялады

Е
Фото: скриншот

Құмар ойын бизнесін ұйымдастырды деп екі шетелдік азаматқа іздеу жарияланды.

Олар: 

  • Дмитрий Дружинский – 1970 жылы 27 маусымда туған, АҚШ азаматы;
  • Марина Левкович (Гинзбург) – 1985 жылы 8 қарашада туған, Украина азаматы.

Сот оларды сырттай қамауға алу туралы шешім шығарды. Айып бойынша, екеуі шетелдік компаниялар арқылы «PIN-UP» және «PINC» брендтерімен онлайн казино желісін басқарған. Олар қызметкерлерді жалдауды үйлестіріп, банктер мен төлем жүйелерімен жұмыс істеп, қаражатты қабылдау және шығару механизмін құрған.

Қызметтерін жасыру үшін бухгалтерлік лицензиясы бар «Bonami» компаниясын құрған және казино пайдаланушыларының транзакцияларын өңдейтін бірнеше төлем мекемесін тіркеген.

Тегтер: