Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:06, 11 Желтоқсан 2023

Қазақстан әлемдік рейтингте қызылша жұқтыру бойынша үшінші орынға шықты

қызылша жұқтыру
Фото: freepik

Америкалық Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының (CDC) статистикасында Қазақстан қызылша жұқтырудан әлем бойынша рейтингте үшінші орынға шыққан.

Рейтингте елімізден тек Йемен мен Үндістан озып тұр. Ал Қазақстаннан кейін Эфиопия мен Пәкістан. Бұл антирейтингте биылғы мамырдан қазанға дейінгі жағдай айтылған.

Статистика бойынша Йеменде 23 мыңнан астам адам, Үндістанда 15 мыңға жуық, Қазақстанда 12 985, Эфиопияда 11 мыңнан астам адам, Пәкістанда 8 мыңнан астам адам, Конго Демократиялық Республикасында 6 мыңға жуық және Ресейде 4305 адам қызылша жұқтырған.

қызылша рейтинг
Фото: cdc.gov

CDC Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қараша айының басында берген деректеріне сілтеме жасап рейтинг түзген. 6 желтоқсанда Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі елде қызылшамен ауырғандар саны 20 мыңнан асқанын хабарлады.

CDC қызылшаның өршуі қатты екенін мәлімдеді. Бұған коронавирус пандемиясы әсер еткен деп санайды. Себебі 2020 жылдан 2022 жылға дейін қызылшаға қарсы вакцинаның 61 миллион дозасы егілмеген.

Қазақстанда қызылша ауруының өршуі екпеден бас тартқандардың санының артуына байланысты өршіп тұр.

Айта кетейік, дәрігерлер қызылшаның емі жоқ, инфекцияның алдын алудың жалғыз жолы – вакцинация екенін мәлімдеген.

Тегтер: