Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:20, 26 Ақпан 2024

Қазақстан әскерилері арасында тағы бір мереке пайда болды

әскерилер
Фото: из открытых источников

Қорғаныс министрлігі жауынгерлік даярлық маманының кәсіби күнін белгіледі, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

Қорғаныс министрінің 2024 жылғы 2 ақпандағы бұйрығымен ҚР Қарулы Күштерінің кәсіби мерекелерінің тізбесіне жауынгерлік даярлық маманы күні енгізілді, ол 14 тамызда атап өтіледі.

Армияның жауынгерлік әлеуетін нығайту ісіндегі осы қызмет бағытының маңыздылығын ескере отырып, 1992 жылғы 14 тамызда Қорғаныс министрінің жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары – ҚР Қорғаныс министрлігі жауынгерлік даярлық басқармасының бастығы лауазымы құрылды. Оған генерал-майор Юрий Құрматов тағайындалды.