Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 17:21

Қазақстан аспанында екі ұшақтың тым жақын ұшқанына қатысты тексеріс болады

Әскери ұшақ
Фото: ашық дереккөз

10 қаңтарда Шымкент диспетчерлерінің жауапкершілік аймағында екі ұшақ бір-біріне қауіпті түрде жақындады.

Оқиғаның мән-жайын Көлік министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Ведомство мәліметінше, оқиға Uzbekistan Airways әуекомпаниясының Airbus A320 және "Победа" әуекомпаниясының Boeing 737-800 ұшақтарына қатысты.

"10 қаңтарда, шамамен таңғы сағат 5:42-де (Астана уақыты бойынша) Шымкент аймақтық деректер орталығының A2И секторында Внуково-Самарқанд бағытындағы PBD997 рейсі мен Термез-Мәскеу бағытындағы UZB9609 рейсі кезінде авиациялық оқиға болды", - деп хабарлады көлік министрлігі.

Қолданыстағы ережелерге сәйкес, бұл оқиға уәкілетті органның тергеп-тексеруіне жататын ауыр авиациялық оқиға ретінде жіктелген.

"Министрлік ауыр авиациялық оқиғаны тергеу жөніндегі комиссияны қалыптастырып жатыр. Комиссияны тағайындау туралы бұйрық шыққан сәттен бастап тергеу нәтижелері бойынша есеп бекітілгенге дейінгі мерзім, әдетте, егер қосымша зерттеулер мен жұмыстар жүргізу талап етілмесе, үш айдан аспайды", - деп нақтылады ведомство.

Тегтер: