Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 12:05

Қазақстан азық-түліктің жартысынан көбін шетелден әкеледі

1
Фото: Jackyenjoyphotography/Getty Images

Қазақстан азық-түлік өнімдерін шетелден әкелуге тәуелді болуын жалғастырып отыр. Бұл жағдай еліміздің бұрын да бетпе-бет келген азық-түлік дағдарысының қайталануына себеп болуы мүмкін, деп хабарлайды Energyprom.kz сарапшылары.

Импорттың басым бөлігін құрайтын өнімдер

2025 жылдың алғашқы төрт айының қорытындысы бойынша Қазақстандағы бірнеше негізгі азық-түлік түріне деген сұраныс шетелден әкелінген өнімдер арқылы қанағаттандырылған:

  • Қант – 73,8 %

  • Шай мен кофе – 76,3 %

  • Шоколад – 61 %

  • Дрожжи (ашытқы) – 62,8 %

  • Балық пен теңіз өнімдері – 51,7 %

Сондай-ақ, дәмдеуіштер, жаңғақтар, консервіленген көкөністер де көбіне сырттан әкелінеді. Сырлар, жеміс-жидектер мен көкөністер, колбаса өнімдері, макарон және құс еті бойынша импорттың үлесі 50%-дан төмен болғанымен, ол да аз көрсеткіш емес.

Сарапшылардың пікірінше, әсіресе қант импортына тәуелділік ел үшін елеулі тәуекел болып отыр. Егер көршілес елдер (негізінен Ресей) экспорттық квоталарды шектеуді бастаса, Қазақстан қант дағдарысын қайта бастан кешіп, бағаның күрт өсуіне тап болуы мүмкін.

Energyprom сарапшылары бұл мәселені шешу үшін агроөнеркәсіптік кешенге инвестицияны арттырып, ішкі өндірісті әртараптандыру қажет екенін айтады.

«Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, ішкі нарықты отандық өніммен толықтыру мүмкін емес. Сондықтан ауыл шаруашылығына тұрақты инвестициялар тартып, елдің азық-түлік тәуелсіздігін нығайту маңызды», – дейді мамандар.

Тегтер: