Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 15:41

Қазақстан банктері ресейліктердің карталарын тексеруді күшейтті

1
Фото: ашық дереккөз

Ресей Еуропалық Одақтың «қара тізіміне» енгеннен кейін Қазақстан банктері ресей азаматтарының қаржылық операцияларына бақылауды күшейтті.

Deutsche Welle хабарлауынша, қосымша тексерістер Ресейдің Еуропадағы ақшаны жылыстату қаупі жоғары елдер тізіміне енуімен байланысты. Еурокомиссия желтоқсан айының басында Ресейді терроризмді қаржыландыру мен қылмыстық кірістерді заңдастыруға қарсы күрес жүйесінде «стратегиялық кемшіліктері бар» мемлекеттер қатарына қосқан.

Сарапшылардың айтуынша, Қазақстан, Тәжікстан және Оман банктері Ресей азаматтарының транзакцияларын жеке тәртіппен тексеруді күшейткен.

Ал Армения мен Сербия банктері кейбір операцияларды уақытша тоқтата бастаған. Бұл шаралар жеке тұлғаларға да, заңды тұлғаларға да қатысты.