Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:05, 16 Қазан 2024

Қазақстан БРИКС-ке мүше болуға өтініш беруден қалыс қалады - Уәли

а
Фото: tengrinews.kz
Президентке Қазақстанның БРИКС құрылымына кіру мүмкіндігін қарастыру туралы ұсыныстар түсті. Президент бұл ұсынысты мұқият қарастырып жатыр. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Берік Уәли Tengrinews.kz сайтына берген сұхбатында айтты.

Уәлидің айьуынша, Президенттің жұмыс кестесінде оның БРИКС саммитіне қатысуы қарастырылғаны рас. Мемлекет басшысы 24 қазан күні құрылымның "аутрич" форматындағы кеңейтілген құрамда өтетін жиынында сөз сөйлейді.

Қазақстан БРИКС-тің даму эволюциясын қызығушылықпен мұқият бақылап отыр. Біздің еліміз осы құрылымның негізін қалаған мемлекеттер басшыларының қандай да бір алпауыт державаның гегемониясынан азат, әділетті әрі демократиялық әлемдік тәртіп құру туралы бастамасын қолдайды.
Президентке Қазақстанның БРИКС құрылымына кіру мүмкіндігін қарастыру туралы ұсыныстар түсті. Халықаралық қауымдастықтың жауапты және беделді мүшесі ретінде біздің елімізге мұндай ұсыныстың түсуі қалыпты дүние. Бұл ұсынысты Мемлекет басшысының өзі мұқият қарастырып отыр және оның тапсырмасы бойынша тиісті ведомстволар Қазақстанның ұлттық мүдделері тұрғысынан талдау жүргізіп жатыр.

Еліміз құрылымға мүше болуға және осы бірлестіктің даму перспективаларына қатысты басқа да мәселелерді қараудың көп сатылы процесін ескере отырып, қазір және жақын болашақта БРИКС-ке мүше болуға өтініш беруден қалыс қалады, деді ол.

Айта кетейік, БРИКС ұйымын 2006 жылы Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай және Оңтүстік Африка құрды. 2024 жылы оған Иран, Біріккен Араб Әмірліктері, Эфиопия және Египет қосылды.

Тегтер: