Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:19, 15 Қараша 2023

Қазақстан халқы Ассамблеясы: «Бірлікте біздің күшіміз»

Ассамблея
Фото: из открытых источников

Қазақстан республикасы әлемдегі көпұлтты мемлекеттердің бірі. Елімізде жүздеген этнос өкілдері мен әртүрлі ұлт өкілдері тату-тәтті мекен етіп жатыр, олар өзара бірлік пен ынтымақта толы бақытты өмір сүріп жатыр.

Қазақстан республикасындағы әртүрлі ұлт пен ұлыс өкілдері арасында мызғымас татулық пен сыны көшпес сыйластық орнағаны екінің біріне бегілі жағдай деп есептейміз. Қазақстандағы ұлттар татулығы мен берке-бірлігі жайлы көптен бері айтылып келеді. Қазақстан халқы Ассамблеясы сынды бірегей ұйымдар да сол татулық пен бірлікті сақтауға өлшеусіз үлес қосып отыр. Біз бүгін елімізде өмір сүріп жатқан ұлттар жайлы шолу жасап, берекеге толы Қазақстан қоғамы туралы сөз қозғаймыз.

Әлемдік ақпарат құралдарында жарияланған кейбір бейресми немесе ресми деректердегі ақпаратқатға сүйенсек, қазіргі сәтте дүниежүзінде екі жүз елу алты ұлт өкілдері өмір сүріп жатыр екен. Ал соның қаншасы Қазақстан республикасында бар деп ойлайсыз? Бұл сұраққа көбі жалпылама жауап береді, бірі жүз, бірі жүз елу деуі мүмкін. Тіпті кейбір деректе жүз отыз сегіз ұлт өкілі Қазақстанда тұрады деген де ақпарат бар. Бірақ қазір қолда бар ресми мәлімет бойынша елімізде жоғарыда аталған екі жүз елу алты ұттың жүз елуден астамы Қазақстаннның байтақ даласында тату-тәтті өмір сүріп, көңілді де керемет тіршілік кешіп жатыр екен.

Қазақстан республикасындағы барлық ұлттар және ұлыстар республика жұрының мызғымас бейбітшілігі мен бірлігі үшін өлшеусіз еңбек етіп жатқанын айта кетпеске болмайды. Елімізде арнайы ұлттар татулығына арналған бірлік күні атты мереке де бар. Соның өзі Қазақстан республикасы елдегі барша ұлт өкілдеріне тең көзқараспен қарап, солардың береке-бірлігі үшін барын салатынын салихалы саясатын анық көрсетіп тұр. Осы орайда Қазақстан аумағында тұрып жатқан, ұлт ретінде аталып жүрген, елдегі әділ де салихалы саясаттың игілігін тең көріп жүрген кейбір ұлт пен ұлыс өкілдерінің саны қанша екенін оқырман назарына ұсына кетуді жөн көріп отырмыз.

Қазақстан республикасы статистика агенттiгi таратқан ресми мәліметке сүйенсек, Қазақстан аумағында қазақ ұлты, орыс ұлты, өзбек ұлты, украин ұлты, ұйғыр ұлты, татар ұлты және немiс ұлты қатарлы саны салыстырмалы түрде көп ұлттар бар. Олардың ел халықы арасындағы жалпы үлесі тоқсан бес пайыздан астамын құрайды. Бұл ұлттардың еліміздегі саны жүз мыңнан адамнан асады. Сонмен қатар, Қазақстан республикасы аумағында саны аз ғана кейбір ұлт өкілдері де өмір сүріп жатқанын айта кеткен жөн. Мысалы, саха ұлты, мордва ұлты, болгар ұлты, ғағауыз ұлты қатарлы ұлттарды осылардың қатарына жатқызуға болады. Олардың саны әдетте өте көп емес, бірақ соған қарамастан елдің толыққанды мүшесі ретінде қазақ ұлтымен бірге, Қазақстан халықымен бірге тату-тәтті, бейбітшілікке толы өмір сүрып жатқаны анық.

Ендігі кезекте Қазақстан республикасында бай-бақауатты өмір сүріп жатқан, халық саны жүз мың адамнан аспайтын ұлт өкілдерін назараларыңызға ұсынамыз. Олардың саны біршама көп, бірақ статистика кемелді болу үшін біз барлығын рет-ретімен жазып шығуды жөн көріп отырмыз. Олар: араб ұлты (жалпы саны тоғыз жүзден асады), ауғандықтар (жалпы саны сегіз жүз жиырма бір адам), коми-пермяк ұлты (жалпы саны жеті жүз алпыс бір адам), чех ұлты (жалпы саны жеті жүз елу төрт адам), моңғол ұлты (жалпы саны жеті жүз елу екі адам), қалмақ ұлты (жалпы саны жеті жүз отыз сегіз адам), құмық ұлты (жалпы саны жеті жүз отыз төрт адам), тва ұлты (жалпы саны алты жүз отыз бес адам), гагауз ұлты (жалпы саны алты жүз жиырма тоғыз адам), адыгай ұлты (жалпы саеы алты жүз төрт адам), румын ұлты (жалпы саны бес жүз тоқсан жеті адам), лак ұлты (жалпы саны бес жүз жетпіс төрт адам), бурят ұлты (жалпы саны бес жүз отыз жеті адам), ағылшын ұлты (жалпы саны бес жүз он бес адам), венгр ұлты (жалпы саны төрт сексен бес адам), алтайлық ұлт (жалпы саны төрт жүз жетпіс алты адам адам), финн ұлты (жалпы саны төрт жүз елу төрт адам), ноғай ұлты (жалпы саны төрт жүз отыз сегіз адам), американдық ұлт (жалпы саны төрт жүз отыз алты адам), саха(якуттер) ұлты (жалпы саны төрт жүз он бес адам), италияндық ұлт (жалпы саны төрт жүз он төрт адам), вувандар ұлты (жалпы саны үш жүз сексен сегіз адам), карелдер ұлты (жалпы саны үш жүз алпыс бес адам), хакастар ұлты (жалпы үш жүз алпыс екі адам), табасарандар ұлты (жалпы саны үш жүз қырық бес адам), удиндер ұлты (жалпы саны үш жүз қырық екі адам), асираилдіктер ұлты (жалпы саны үш жүз отыз сегіз адам), комилер ұлты (жалпы саны екі жүз сексен сегіз адам), абхаздар ұлты (саны екі жүз он төрт адам), шорлар ұлты (жалпы саны екі жүз он төрт адам), черкестер ұлты (жалпы саны бір жүз жетпіс алты адам), ненецтер ұлты (жалпы саны бір жүз жетпіс алты адам), абазиндер ұлты (жалпы саны бір жүз қырық тоғыз адам), агулдар ұлты (жалпы саны бір жүр отыз жеті адам). Естеріңізге сала кетейік, бұлар Қазақстан республикасында тұрып жатқан, халық саны бір мың адамға жете қоймайтын аз ұлт өкілдері. Бірақ оларды ешкім саны аз екен деп шеттетпейді, толыққанды Қазақстан азаматы ретінде елде алаңсыз өмір сүріп жатыр.

Жоғарыда жазғанымыз еліміздегі жан саны бірша аз, бір мың адамға жетпейтін ұлт өкілдері. Ең қызығы Қазақстан республикасында тау-тәтіт тұрып жатқан ұлт өкілдері арасында саны жүз адамға жетпейтін ұлттар да бар. Бірақ олар да өзін кең-байтақ Қазақстан мемлекетінің толыққанды иесі ретінде сезіндеді. Ұлт татулығы мен заң әділдігі берік орнаған елімізде ешкімді аз ұлт өкілі немесе саны көп ұлт өкіл деп бөлмейді. Бәрінің құқығы мен заңды күші бірдей екені екінің біріне белгілі. Сонымен оқырман назарына еліміздегі саны жүз адамға жетпейтін ұлттарды ұсынамыз. Олар мыналар: абардиндер ұлты (жалпы саны тоқсан сегіз адам), халха-моңғолдар ұлты (жалпы саны тоқсан алты адам), кубалықтар ұлты (жалпы саны тоқсан бес адам), рутулъдер ұлты (жалпы саны тоқсан үш адам), долгандар ұлты (жалпы саны сексен үш адам), коряктар ұлты (жалпы саны жетпіс алты адам), въетнамдықтар ұлты (жалпы саны алпыс жеті адам), татар ұлты (жалпы саны алпыс алты адам), хорваттар ұлты (жалпы саны алпыс үш адам), сербтер ұлты (жалпы саны алпыс бір адам), аустриялықтар ұлты (жалпы саны алпыс бір адам), словактар ұлты (жалпы саны елу сегіз адам), испандар ұлты (жалпы саны елу жеті адам), албандықтар ұлты (жалпы саны елу бес адам), француздар ұлты (жалпы саны елу бір адам), евразиялық еврейлер ұлты (жалпы саны елу бір адам), удегейлер ұлты (жалпы саны қырық тоғыз адам), жапондар ұлы (жалпы сан қырық алты адам), голландықтар ұлты (жалпы саны қырық бес адам), вепстер ұлты (жалпы саны қырық үш адам), эванкілер ұлты (жалпы саны отыз сегіз адам), белуджилер ұлты (жалпы саны отыз жеті адам), грузиндіктер ұлты (жалпы саны отыз бес адам), эвендер ұлты (жалпы саны отыз төрт адам), таулық еврейлер ұлты (жалпы саны отыз үш адам), хантылар ұлты (жалпы саны отыз бір адам), қырымшақтар ұлты (жалпы саны отыз бір адам), тофалар ұлты (жалпы саны отыз бір адам), қарайымдар ұлты (жалпы саны жиырма тоғыз адам), мансылар ұлты (жалпы саны жиырма төрт адам), цехурлар ұлты (жалпы саны жиырма үш адам), чукчалар ұлты (жалпы саны жиырма екі адам), нанайлықтар ұлты (жалпы саны жиырма екі адам), ижорлар ұлты (жалпы саны он жеті адам), алеуттер ұлты (жалпы саны он төрт адам), нивхилер ұлты (жалпы саны он үш адам), ителмендер ұлты (жалпы саны он екі адам), энецтер ұлты (жалпы саны тоғыз адам), кеттер ұлты (жалпы саны тоғыз адам), юкагилер ұлты (жалпы саны сегіз адам), орогтар ұлты (жалпы саны сегіз адам), даттықтар ұлты (жалпы саны жеті адам), селъкуптар ұлты (жалпы саны төрт адам), уличтер ұлты (жалпы саны төрт адам), нагидалықтар ұлты (жалпы саны төрт адам), саамдар ұлты (жалпы саны үш адам), үльттар ұлты (жалпы саны екі адам), наганасандар ұлты (жалпы саны екі адам), эскимостар ұлты (жалпы саны екі адам). Байқап отырғандарыңыздай, бұлардың арасында саны бірнеше он ғана ұлттар бар. Бірақ біздің елдің заңы мен салтына орай олар да Қазақстан республикасының толыққанды ұлт өкілі саналады. Бәрінің заңды құқықы толық қорғалған.

Ел халқының бірлігі мен келісімі, эмоциясы мен көңіл күйі адамның еліне, мемлекетіне деген сүйіспеншілік деп қарауға болады. Қазақ немесе орыс, өзбек немесе украин, армян немесе ұйғыр ұлты болсын, әрқайсы адамның көкірегінде, бойында мемлекетке дешен патриоттық рух, республикамызға деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімі бар екені анық. Қазақстанда республикасында өмір сүретін әрбір адам, елде тұратын барлық ұлт өкілдері арасындағы татулық пен бірлікті, достық пен тыныштықты мақтан тұтып айтып жүргені белгілі. Бұл көзқарастар Қазақстан қоғамының саяси әлеуметтік және экономикалық тұрғыдағы тұрақтылығының негізі тірегі болды деп санаймыз. Тағы бір айта кетерлігі, Қазақстан республикасында кез келген дінді ұстануға рұқсат етілген, мемлекет әркімнің дін ұстану бостандығын құрметтейді және құрметпен қарайды.

Сонау бір мың тоғыз жүз тоқсан бірінші жылы алғаш тәуелсіздік алған күннен бастап, Қазақстанның мемлекеттік және әлеуметтік саясаты ел халқының тұтастығы мен татулығы, бірлігі мен бірізділігі идеясын толық жүзеге асыру мақсатына бағытталғанын айта кеткен жөн. Мемлекеттің нағыз күші сол елде тұратын халықтың бірлігінде екенін ел халқы осы күнге дейін күллі әлем алдында дәлелдеп келеді. Шынын айтқанда қазіргі таңда көптеген басқа мемлекеттер біздің елдегі ұлттық саясаттағы жетістікті, тәжірибемізді тынбай зерттеп келеді, олар осынша көпұлтты елдің татулық пен береке бірлікте қалай жетістікке жеткенін білуге, түсінуге тырысып жатыр. Осынша кең-байтақ далада, жүз отыз қанша ұлт өкілінің басын біріктіріп, еш қайшылықсыз, қақтығыссыз, тату-тәтті өмір сүріп жатқан Қазақстан республикасының жетістігі көп мемлекетке үлгі болатыны анық. Біз бұл сөздерді бос мақтан үшіп айтып отырған жоқпыз. Мұны әлемдік деңгейдегі танымал сарапшылардың өзі айтып та, жазып та жүр. Осының бәріне еліміздегі әр ұлт азаматтарының мемлекетке деген терең патриоттық көзқарасы оң әсер етті деп есептейміз.

Сөз соңында Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы айта кетейік. Елдің тұтастығы мен халық татулығы үшін елеулі үлес қосып отырған Қазақстан халқы Ассамблеясы 1995 жылы бірінші наурызда құрылған болатын. Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы жарлық шыққан сәттен бастап бірлестік ел татулығы үшін тынбай еңбек етіп келеді. Бірлестіктің құрылтайшысы және төрағасы қызметін Қазақстан республикасының президенті, конституциямыздың кепілі мемлекет басшысы атқарады. Қазақстан аумағында қазіргі сәтте жүзден аса этнос өкілдері өмір сүріп жатқанын жоғарыда айттық. Кең-байтақ қазақ даласы елдегі әр ұлттан құралған жиырма миллион тұрғынның ортақ шаңырағы саналады. Осы ортақ шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатқан әрбір қазақстандық азамат достық пен татулықтың қадірін бір кісідей біледі. Соны сақтау үшін қолдан келгенін жасауға әрбір қазақстандық дайын екенін де айтып жүрміз. Мұндай әдетті Қазақстан жұрты ғасырлар бойы көзқарашығындай сақтап келеді, дәл қазіргі ұлттық татулық пен береке-бірлікті келесі ұрпаққа аманаттап қалдыруға әрбір қазақстандық міндетті екенін ерекше еске саламыз.

Біз Алматы облысы Талғар ауданы Кеңдала ауылында тұратын Эленора Жакуповамен елдегі ұлттар татулығы туралық аз-кем сөйлескен едік. Эленора ханым жергілікті қазақ халқына өзін қоса есептегенде әулеттің төрт ұрпағы дән риза екенін айтты.

«Естуімше, менің арғы атам Қазақстанға осыдан жүз жылға жуық уақыт бұрын келіпті. Содан бері осы кең-байтақ далада жергілікті халықпен тату-тәтті тұрып жатырмыз. Аталарымыз алғаш рет осында көшіп келгенде сол кездегі жергілікі жұрт құшақ жая қарсы алғанын, қолдан келгенше көмек көрсеткенін білеміз. Мұны бізге әкеміз айтып берген, ол осы жақсылықты ұрпақтан-ұрпаққа жалғап, жергілікті жұртпен тату болуды тапсырып кетті. Дәл қазір тұрып жатқан жерімізде де әр ұлт өкілдері ынтымақты өмір сүріп жатыр. Мысалы, менің жан-жақтағы көршім әртүрлі ұлт өкілдері. Қазақ та, орыс та, ұйғыр да бар. Біріқ күнделікті өмірде кімнің ұлты кім екеніне аса мән беріп жатқан жоқпыз, бірімізде жоқты біріміз беріп, өзара көптеп көмектесіп, береке-бірлікте күн көріп жатырмыз. Тіпті бізді жақын туыстар десе де болады. Осындайда «алыстағы туысқаныңнан жақындағы көршің артық» деген сөз еске түседі. Қазақстан республикасының салихалы саясатының арқасында елде тұрып жатқан ұлттар арасында ешқашан алауыздық болған емес. Өзім жарты ғасырдан артық уақытта ондай келеңсіз оқиға әлі куә болған емеспін. Көршілерім қай ұлт өкілі болса да, бір үйдің баласындай тату-тәтті тұрамыз. Балаларым да өз қатарластарымен достықта өмір сүріп жатыр. Балаларымының достарының арасында да әртүрлі ұлт өкілдері бар. Демек Қазақстанның әр азаматы бір үйдің баласы сияқты шынайы татулықта тұрады деп айтуға негіз бар. Өзім отыз жылдай базарда сатушы болып жұмыс істедім. Осы аралықта мыңдаған, миллиондаған адаммен жүздесіп, сөйлестім. Ешқашан соның бірде-біреуімен ұлттық алауыздық немесе кикілжің сияқты проблема болған емес. Тіпті сонша жылда ешкім меннен қай ұлт өкілі екенімді сұрап көрген жоқ. Өйткені біздің елде бірінші кезекте қай ұлт өкілі екенінің емес, Қазақстанның нағыз патриоты болғаның маңызды. Елі мен жерін сүйетін әрбір азамат Қазақстан топырағында бақытқа толы өмір өткізіп жатыр деп есептеймін», - дейді ауыл тұрғыны.

Айта берсек мұндай мысалдар көп. Студент кезімде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жатақханасында тұрдым. Сонда Атырау облысынан келген бір досымыз көрші орыс ағайды жақын туысындай көретінін айтып отыратын. Оның айтуынша, екі шаңырақ ежелден бірге келе жатқан қандас бауырдай тату-тәтті тұрады екен. Екі үйдің балалары бір-бірінің үйіне барып ойнап, қонып жүре береді. Сол достық үзілмей әлі жалғасып жатқан көрінеді. Бірде сол досымыз демалыста Атырауға барды, демалыстан қайтып келгенде үй ішімен зират басына барып, қайтыс болған орыс көршісіне дұға еткенін айтып келді. Сол кезде екі ұлт өкілі болса да, көрші екі шаңырақтың татулығына барлығымыз таңғалған едік. Кейін мұндай мысалдардың көп екеніне көзім жетті. Осыған қарап елдегі ұлттар татулығының себебі неде екеніне көзіміз жете түседі. Қазір біздің елде көп ұлт аралас тұратын тұрғынүйлер, көп ұлт өкілдері бірге жұмыс істейтін ұжымдар өте көп. Соның көбінде адамдардың ұлтына байланысты мәселе туындамайды. Бұл елдегі ұлттық саясаттың жемісі деп білеміз.

Тегтер: