Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:48, 02 Қыркүйек 2024

Қазақстан халқының саны 20 182 003 адамға жетті

в
Фото: 24 kz

Ұлттық статистика бюросы 2024 жылдың 1 тамызындағы есеп бойынша Қазақстан халқының саны 20 182 003 адамға жеткенін мәлімдеді.

Статистикада қала тұрғындарының саны 12 656 167 адам болса, ауыл тұрғындарының саны 7 525 836 адам болған. Бұл ретте Қазақстанда әйелдер саны – 10 322 836, ал ерлер 9 859 167 екені мәлім болды.

Қазақстандықтардың басым бөлігі Алматыда (2 264 499 адам), Түркістан облысында (2 151 923 адам), Алматы облысында (1 547 228 адам), Астанада (1 481 402 адам) және Шымкентте (1 241 809 адам) тұрады.

Айта кетейік, халық саны 1 шілдедегі мәлімет бойынша, 20 159 707 адам, ал,1 қаңтардағы көрсеткіштен бері Қазақстан халқының саны 125 865 адамға көбейген.

Бір ай бұрын табиғи өсім 118 576 адамға жеткені айтылған. 2023 жылғы 16 қарашада Қазақстан халқының саны 20 миллионға жеткені мәлім болды. 

Тегтер: