«Қазақстан киберқалқаны». Киберқауіпсіздік дегеніміз не?
Күні бойы интернетке қанша рет кіретініңізді есептеп көрдіңіз бе? Көптеген адамдар оянып, телефонын алып, әлеуметтік желілерді қарап, түнде ұйықтар алдында жаһандық желіқайтадан бір шолып шықпай ұйықтамайды.
Солай емес пе? Одан бөлек, маңызды бір жаңалықтар мен оқиғалар туралы білген бойда оны достарымызға жібереміз. Елімізде ақпараттық коммуникациялық технологиялар дамыған сайын оның артықшылықтары мен қолайлы жақтарын пайдаланумен қатар ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету өзекті мәселеге айналып отыр. Киберқауіпсіздік ұғымы біздің өмірімізге енді.
Киберқауіпсіздік – бұл кездейсоқ және қасақана ақпарат шабуылдарынан қорғау. Бұл көп қырлы қызмет саласы, оған жүйелі және кешенді көзқарас қажет. Сондықтан елімізде «Қазақстан киберқалқаны» тұжырымдамасы іске қосылған. Бұл тұжырымдама Қазақстанға сыртқы және ішкі кибершабуылдардан қорғау мақсатында құрылды.
Қазақстан халқының 85 пайыздан астамы Интернет пайдаланады, бұл Орталық Азия елдері арасындағы ең жоғары көрсеткіш. Экономиканың негізгі сегменттері мен ел үкіметі цифрлық платформаларға көшірілді. 2018 жылы Қазақстан үкіметі мемлекеттік органдар мен жеке компанияларды тұтынушыларға тиімдірек қызмет көрсету үшін онлайн қолжетімділікке көшуге шақыратын «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын іске қосты. Сондықтан Қазақстанның цифрлық экономикаға кең ауқымды көшуі киберқауіпсіздікті айтарлықтай жақсарту қажеттілігіне әкелді, әсіресе көптеген адамдарды қашықтан жұмыс істеуге және оқуға мәжбүрлеген COVID-19 пандемиясынан кейін онлайн режимі арта түсті.
2024 жылдың бірінші тоқсанында Еуропалық Одақтың инфрақұрылымына кибершабуылдар 2023 жылдың соңғы тоқсанымен салыстырғанда екі есе көп болған. Бұл ақпаратты Еуропалық киберқауіпсіздік агенттігінің (ENISA) басшысы Йохан Лепассар 29 мамырда жарияланған AP агенттігіне берген сұхбатында айтты.
Елімізде де киберқылмыстың алдын алатын «Қазақстан киберқалқаны» жобасы сәтті қызмет көрсетіп келе жатыр. Мысалы, киберқауіпсіздік саласындағы соңғы жетістіктердің арқасында Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бастамасы болып табылатын Халықаралық телекоммуникациялар одағы құрған Жаһандық киберқауіпсіздік индексі 2023 рейтингінде Қазақстан 178 елдің ішінен 76 орынға ие болған.
«Киберқалқан» бағдарламасы электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді және телекоммуникация желілерін қорғау сияқты салалардағы мемлекеттік саясатты анықтайды, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етеді. Бұдан бөлек аталған бағдарлама ақпараттық қауіпсіздік саласында, соның ішінде төтенше жағдайлар кезінде оқиғалардың алдын алу үшін төтенше жағдайларға ден қою тетіктерін құруды қарастырды.
2022 жылдан бастап «Қазақстан киберқалқаны» тұжырымдамасының жаңа нұсқасы қабылданды.
Жаңа тұжырымдама 2027 жылға дейін іске асыру жөніндегі іс-шаралар шеңберінде негізгі бағыттар дербес деректердің сыртқа шығуы үшін әкімшілік жауапкершілікті күшейту сияқты шараларды қарастырады. Сонымен қатар, құжат «халықаралық тәжірибе мен киберқауіпсіздік саласындағы отандық сарапшылардың пікірін ескере отырып, киберқауіпсіздіктің қатерлерін ескеретін болады.
Соңғы жылдары киберқауіпсіздік, IT-индустрияны дамыту және халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру мәселелері ерекше өткір. Әлемде әр секунд сайын 12 мың адам кибершабуылға ұшырайды, ал киберқылмыстан келген шығын жылына 100 миллиард доллардан асады. Сондықтан мемлекетпен қатар азаматтарды да кибершабуылдардан қорғау керек. Ол үшін бұқаралық ақпарат құралдарында, ақпаратты тарату құрылғыларында және электрондық ақша аудару процестерінде қорғаныс кодтарын (парольдерді) пайдалану қажет. Бұл код құпия болуы керек және құрылғылардағы антивирустық бағдарламалар үнемі жаңаптылып отыру керек.
Жалпы, біз біртіндеп цифрлық экономикаға көшеміз. Қауіпсіздік пен тұрақтылық деректерді сақтау, беру және өңдеудің маңызды факторлары болып табылады. Бұл орайда, әсіресе, мемлекеттік органдардың қызметкерлерінен жауапкершілік қатты талап етіледі. Ұйымдар мен қызметкерлер арасында ақпарат алмасу процесінде Telegram әлеуметтік желісін пайдаланудан толығымен бас тарту қажет. Алаяқтық жасауы ықтимал шет елдердің сайттарына «кірмеген» абзал.
Халық, жастар, қоғамдастық арасында киберқауіпсіздік тақырыбында семинарлар ұйымдастыру қажет. Мұндай әрекеттер хакерлердің шағын шабуылдарын жоюға көмектеседі.