Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:29, 24 Маусым 2024

Қазақстан Қырғызстанға фармацевтикалық препараттар жеткізеді

f
Фото:Pixabay

Қазақстан Қырғызстанға өмірлік маңызды радиофармацевтикалық препараттарды жеткізе бастады.

15 маусымда Ядролық физика институты Қырғыз Республикасына қатерлі ісік пен жүрек ауруларын диагностикалау үшін қолданылатын  молибден-99/технеций-99 генераторын жеткізді. 

Генераторды Қырғыз Республикасына жеткізу Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттікпен (МАГАТЭ) ынтымақтастық аясында жүзеге асырылған.

Өткен жылы Астанада Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев пен АЭХА бас директоры Рафаэль Гросси Қазақстан мен Агенттік арасындағы 2023-2028 жылдарға арналған Елдік бағдарламаның негізіне қол қойылған болатын.

Бағдарлама төрт басым бағытты айқындайды: атом энергетикасы инфрақұрылымы, ядролық және радиациялық қауіпсіздік, азық-түлік қауіпсіздігі және ядролық медицина. 

Тегтер: