Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:50, 19 Маусым 2024

Қазақстан Қырғызстаннан 560 млн текше метрден астам су алады

Шу
Фото: «Қазсушар» РМК

Қазақстан Қырғызстаннан суару маусымында 560 млн текше метрден астам су алады, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

Оның 180 млн текше метрі Шу өзені арқылы, 380 млн текше метр су Талас өзенімен келеді. 

“Шу-Талас су шаруашылығы комиссиясының 33-ші отырысында тиісті келісімге қол қойылды. Сондай-ақ, тараптар Шу және Талас өзендеріндегі су шаруашылығы нысандарын жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының түрлері мен көлемі туралы да келісімге келді” делінген хабарламада.

Бұған дейін Қазақстан мен Өзбекстанның су ведомстволары Қазақстанға "Достық" мемлекетаралық каналы арқылы 922 млн текше метр су беру жөнінде мәміле жасаған болатын.

"Суару маусымына дайындық барысында еліміздің оңтүстігіндегі шаруаларды судың қажетті көлемімен қамтамасыз ету үшін ауқымды жұмыс атқарылды, көрші мемлекеттермен маңызды келіссөздер жүргізілді. Бүгінгі таңда Қырғызстанның су ресурстары министрлігінің басшылығымен маусымның үшінші онкүндігінен бастап Шу және Талас өзендері арқылы су беруді ұлғайту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Қазіргі уақытта қырғыз әріптестерімізбен бірлесіп су беру кестесін ұлғайту бағытында түзету жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деді ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.