Қазақстан Қытайға 1,5 мың киік сыйлайды

Бұл жаңалықты Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Аталған шешімді Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдап, тиісті министрлікке нақты тапсырма берген.
– Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайда киік популяциясын қалпына келтіру мақсатында оларды Қытайдың батыс бөлігіне қоныстандыру үшін 1 500 киікті сыйға беру туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді, - деп жазылған ресми хабарламада.
ҚХР төрағасы Си Цзиньпин бұл шешім үшін ел Президентіне алғысын жаудырды, себебі бұл Қытай үкіметі үшін үлкен көмек болмақ.
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі дәл осындай тапсырманың барын растады және мәселені шешуге, жұмысты жүйелі атқаруға күш салып жатқанын жеткізді. Бұған дейін отандық БАҚ-та киік санын реттеу іс-шаралары күзде басталуы мүмкін екені көп жазылды.
Қазіргі таңда киіктердің әлемдік популяциясының 98%-дан астамы Қазақстан аумағында шоғырланған. Соңғы жылдары фермерлер киіктердің егістік алқаптарын таптап, зиян келтіріпжатқанын айтып, шағымданып жатыр.
Бүгінде киіктердің саны 4 миллионнанасқан. Әсіресе Батыс, Солтүстік және Орталық Қазақстандағы ауыл шаруашылығына айтарлықтай шығынкелтірген. Бұған дейін киік санын реттеу үшін түрлі ұсыныстар айтылған. Алайда халықаралық CITES ұйымы аңшылыққа тыйым салды.
Десе де, мамандар киік санын реттеуге, аулауға қатысты ғалымдардың биологиялық негіздемесі әлі дайын емес екенін алға тартты. Дәл осы құжатқа, сәйкес, киіктің белгілі бір санын аулау мәселесі оң шешімін табуы ықтимал. Сонымен қатар, аңшыларға аналық киікті ғана атуға рұқсат берілуі мүмкін.